• RUB:
    5.4
  • USD:
    473.15
  • EUR:
    515.12
Басты сайтқа өту
03 Шілде, 2010

ҚАТТЫ ҚАЛДЫҚТАР ҚАЙТА ӨҢДЕЛЕТІН БОЛДЫ

490 рет
көрсетілді

Жағымды жаңалық Ақтау секілді әсем қаланың іші де, жан-жағы да көркем, экологиялық таза болғалы тұр. Ол үшін күн сайын сыртқа тасымалданып, тау-тау болып жатқан тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдейтін қуатты кешен салынбақшы. Бұл жобаны жүзеге асыруға бағытталған келісімге облыстық әкімдік пен Еуропа Қайта құру және даму банкі арасында қол қойылды. Зауыттың тағы бір ерекшелігі – қалдықтардан іргелі кешенді электр қуатымен қамтамасыз етеді. Және де ішінара саудаға шығарылатын мөлшерде биогаз да өндірілмекші. ТМД елдеріндегі ірі жоба саналатын нысанға 11,2 млн. АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылмақ. Аталмыш банктің бұл Маңғыстау өңіріндегі екінші келісімге қол қоюы. Оның алғашқысы “Ақтау қаласының сумен қамту және су бөлу жүйесін жаңарту” жобасы болған. Сөйтіп, әсем Ақтау облыс пен Еуропа Қайта құру және даму банкінің ынтымақтастығы арқылы ажарлана түсумен қатар, экологиялық жағдайды да жақсартқалы отыр. Жоламан БОШАЛАҚ. Маңғыстау облысы.