АЛМАТЫ. 8 мамыр. Алматыда Отан қорғаушылар күні меркесіне орай қала велошабандоздары әдеттегідей жарысқа шықты. Сондай-ақ, айтулы шара Ұлы Жеңістің 70 жылдығы құрметіне арналды. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Веложарысқа 2000-ға жуық адам қатысты. Осының өзі қала тұрғындарының спорттың бұл түріне деген қызығушылығының уақыт өткен сайын артып келетінін танытады. Жарыс мәресіне жеткен жеңімпаздарға естелік сыйлықтар табыс етілді. Командалық жарыс қорытындысы бойынша – Бас жүлде Қазақ мемлекеттік қыздар университетінің велосипедшілеріне табыс етілді. Екінші орынды – Қазақ ұлттық техникалық университеті, үшінші орынды Абай атындағы педагогикалық университеттің спортшылары жеңіп алды.
Мәре басында өткен салтанатты жиында қала әкімі Ахметжан Есімов: «Бұл шара жастардың аға ұрпақтың соғыстағы ерлік жолдарына тағзымы», – деп атап өтті.
Жарыс соңы өнерпаздардың думанды концертіне ұласты.
Талғат Сүйінбай.
Дерек, сурет: egemen.kz.