Кеше Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов ІІІ Астана Экономикалық форумына қатысушылармен бірқатар кездесулер өткізді, деп хабарлады ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.
Сыртқы сауда істері жөніндегі мемлекеттік хатшы Анн-Мари Идрак бастаған Француз Республикасы делегациясымен кездесу барысында әлемдік экономикадағы ағымдағы жағдай жөнінде пікір алмасулар өтіп, сондай-ақ Қазақстан-Франция индустриялық ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Премьер-Министр К.Мәсімовтің БҰҰ Өнеркәсіптік даму ұйымының бас директоры Кандэ Юкмелламен кездесуінде қуат тиімділігі мен қуат үнемдеу салаларындағы өзара іс-қимылдың перспективалары сөз болды.
Премьер-Министр К.Мәсімов пен Экономикалық ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Мохаммед Яхия Маруфидің кездесуінде өңірлік экономикалық өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.