АЛМАТЫ. 8 мамыр. Ресей шекарасында Қазақстанға Польшадан тиеліп, транзитпен келе жатқан 390 тонна алма кері қайтарылды. Бұл туралы ТАСС хабарлады.
Импорттық тауарға «Ростехнадзор» шекаралық бірқатар талаптар бұрмалаған деген құжат толтырған. Бұған дейін, Беларусь елінен қазақтарға арнап арттырылған 195 тонна поляк алмасы келген жеріне кері қайтарылған болатын. Мәскеудің шекарадағы бұл «тежеу әрекеті» АҚШ пен Еуропалық Одақтың Ресейге жариялаған санкциясының жауабы деген мәлімет бар. Еуропадан Қазақстанға бағытталған тауарларға Ресей шекарасында «Ростехнадзордың» қатаң тексеруі де сондықтан.
Талғат Сүйінбай.
Дерек, сурет: ТАСС.