• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
24 Маусым, 2015

125 кило!

263 рет
көрсетілді

Атырау балықшылары салмағы осынша тартатын алып бекіре ұстады Алып балық балықшылар торына үнемі түсе бермейді. Десек те, өткен сенбіде «Тілекші» серік­тес­тігінің балықшылары бекіре тұқымдас бағалы алып балықты ұстады. Олар әдеттегідей Жайық өзенінің төменгі сағасынан балық аулауға шыққан. Сол сәтте салмағы 125 кило тартатын алып бекіре тұқымдас бағалы балықты ұста­ды. Оның ұзындығы 2 метр 30 сан­ти­метр. Серіктестік жұмыс­шылары  салмағы ауыр балық­ты арнайы көлікпен Аты­рау бекіре зауытына жеткізді. Зауыт директоры Рашидин Кали­мул­линнің айтуынша, бағалы балық­тың басында және денесінде түрлі жа­ра­қаттары бар. Әлсірегені де бай­қа­лады. Осыған байланысты оның браконьерлер торына түскен болуы мүмкін деген жорамал да айтылады. «Жарақаты бар балық бір аптадай зауыт мамандарының бақылауында болады», дейді зауыт директоры Рашидин Калимуллин. Сонан соң ол зауытта арнайы күтімге қалдырыла ма,  әлде теңіз айдынына қайта жіберіле ме? Әзірге зауыт мамандары нақты шешім қабылдай қойған жоқ. Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан». Атырау облысы.