АСТАНА. 8 мамыр. Кеше түнде футболдан УЕФА Еуропа лигасының жартылай финалдық ойындары өтті. «Наполи» өз алаңында «Днепрмен» тең ойнаса (1:1), «Севилья» «Фиорентинаның» қақпасына жауапсыз 3 гол соқты. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Турнирдің бұл сатысында Италияның екі бірдей командасы ойнайтыны белгілі. Алайда, италиялықтар жартылай финалдағы алғашқы кездесулерін сүреңсіз өткізді. Есесіне, сырт алаңда бір гол соққан «Днепрде» финалға шығатын мүмкіндік басым.
Ал «Фиорентинаны» ірі есеппен жеңген «Севилья» финал мәселесін шешіп қойды десек, артық айтқандық емес.
«Наполи» (Неаполь, Италия) – «Днепр» (Днепропетровск, Украина) 1:1 (0:0)
Голдар: Давид Лопес 50 – Евгений Селезнев 80.
«Севилья» (Севилья, Испания) – «Фиорентина» (Флоренция, Италия) 3:0 (1:0)
Голдар: Алейкс Видаль 17, 52, Кевин Гамейро 75.
Командалардың қарымта кездесулері 15 мамырда өтеді.
Еламан Қоңыр.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: eurosport.ru.