• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
21 Наурыз, 2015

Талдықорғанды түрлендірудің тың тәсілі

215 рет
көрсетілді

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Талдықорған қаласын түрлендіріп, көркейтіп жасыл қалаға айналдырудың тағы бір тәсілін жасады. Бүгінде ел экономикасы өркендеп өсіп, халықтың өмір сүру деңгейі, демографиялық жағдайы жақсарған сайын Жетісудың кіндік қаласы қанатын оңтүстік-батысқа қарай жая түсуде. Алматы – Өскемен күрежолының Талдықорғанға кірер тұсында осыған дейін ашылған «Жастар» саябағына 400 түп еңселі қылқан жапырақты көшет отырғызылды. Игі шараға Райымбек, Еңбекшіқазақ, Іле, Панфилов, Ұйғыр, Талғар аудандары мен Қапшағай қаласының әкімдері мен орманшылары атсалысып, өздеріне белгілене бөлінген жерге әрқайсысы көшеттерін отырғызды. Бата­ловтың бастамасын елімізге танымал азаматтар мен жастар да қолдап, игілікке ізгілік танытты. Нұрбол ӘЛДІБАЕВ, «Егемен Қазақстан». ТАЛДЫҚОРҒАН.