• RUB:
    4.76
  • USD:
    526.11
  • EUR:
    542.31
Басты сайтқа өту
08 Мамыр, 2015

Солтүстік Қазақстанның жас өрендері Әлем кубогының иегері атанды (фото)

280 рет
көрсетілді

ПЕТРОПАВЛ. 8 мамыр. Қытайдың астанасы Бейжіңде спорттық билерден өткен IХ Әлем кубогы жарысында Қызылжар өңірінің жас бишілері бас жүлдені жеңіп алды. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Әлем кубогының үш дүркін иегерлері Дәни Жаукин мен Анна Конопкина «Жасөспірім-1» санаты бойынша еуропалық және латынамерикалық бағдарламалардан бірінші орынды жеңіп алды. Бұл жұп ересек балалар арасында да сайысқа түсіп, латынамерикалық бағдарлама бойынша топ жарды. Ал, Мұса Сұлтанов пен Мария Хасанетдинова «Жастар-1» санатында еуропалық бағдарламамен шығып, құрмет тұғырының биік сатысына көтерілді. Латынамерикалық бағдарламада  күміс жүлдені олжалады. Қалған екі жұп бишілері қола жүлдеге ие болды. Өмір Есқали. Дерек, сурет: Солтүстік Қазақстан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы.