• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
08 Мамыр, 2015

Рудныйда Жеңістің 70 жылдығына арналған спектакль қойылды

231 рет
көрсетілді

ҚОСТАНАЙ. 8 мамыр. Рудныйдың «БАЦ» жастар театры дайындаған Лев Проталиннің «Тағдырлы сәтке алғыс айтыңдар» деген спектаклін «Горняк» ойын-сауық орталығында қойды. Бұл туралы  egemen.kz тілшісі хабарлады. Жастар театры бұл қойылымға өткен жылдың қараша айынан бастап дайындалыпты. Театрдың режиссері Наталья Кудрявцева спектакльді шығару кәсіби емес театрға оңайға түспегенін айтты. Наталья Кудрявцева: «Пьеса күрделі, мәтіні ұзақ. Диалогтар күрделі, көрерменге ауыр жылдардың суретін жеткізу үшін оның әр сөзін белгілі мақаммен жеткізу керек болды» деді. Спектакльде ойнаған актерлердің біразы бұрын театр жұмысына қатысып, біраз рольдерді оайнаған, ал көпшілігі сахнаға алғаш шықты.  Бұл да белгілі қиындық туғызды. Олар спектакль шынайы шығу үшін соғыс тақырыбына арналған киноларды көріп, кітаптарды оқыды, соғыс жылдарының музыкалық шығармаларын тыңдады. Актриса Любовь Бердыгина: «Менің ролім – хирург, соғыс әбден сілкілеген полковник әйел Соколова болды. Оның соғыста санитарка болып істеген қызы қаза тапты. Өте күрделі роль, бұрын маған мұндай роль тап келген емес. Оның айтатын бірнеше ауыр сөздері болды, соны шынайы жеткізу үшін көп жұмыс істедім», деді. Спектакль сюжеті 1945 жылы Шығыс Пруссиядағы кеңес әскерлері мен тұтқынға түскен вермахт содаттары емделген әскери госпитальде өтеді. Сюжет желісі тұтқын офицер Фон Гюнтер мен ұлты еврей хирург Сазоньев төңірегінде өрбиді. Ештеңеге қарамай, хирург өзінің пациентін емдейді. Спектакль басталарда көрермен сахнадағы «Спектакль соғысқа қатысып, Адам қалпын сақтап қалғандарға арналады» деген жазуды оқыды. Қойылым аяқталғанда бұл жазудың мән-маңызын түсінеді.  Спектакльдің шығуына қамқорлық және демеушілік жасаған Рудный жастар орталығының жетекшісі Максим Фролов мұндай спектакльдің тек мерекеде ғана емес, үнемі жүру керектігін, өйткені жастардың тарихты ұмытпауы тиістігін айтты. Максим Фролов: «Спектакльді бей-жай қалыппен көру мүмкін емес, тамағыңа өксік тығылады. Біздің қаладағы БАЦ жастар театрының ізденісіне ризамыз. Онан өсіп шыққан актерлер қазір Қазақстан мен Ресейдің үлкен сахналарында жүр», деді. Нәзира Жәрімбетова. Дерек, сурет: ng.kz