АСТАНА. 8 мамыр. Жеңіс күні Қазақстан бойынша қалалық нөмірлерге тегін қоңырау шалуға болады. Бұл туралы «Қазақтелеком» акционерлік қоғамына сілтеме жасап, YK-news хабарлады.
Сонымен қатар, Қазақстан бойынша 8 және 10-11 мамыр күндері түнгі 12-ден 3-ке дейін барлық қоңырауларға 15 пайыз, ал 3-тен таңғы 6-ға дейін 60 пайыз жеңілдік қарастырылған. 10-11 мамыр күндері тәуліктің басқа уақыттарында қалааралық байланыс 4 есе арзан болады.
«Қазақтелеком» акционерлік қоғамы таратқан мәліметтер бойынша, бұл жеңілдіктер тек жеке тұлғалар мен автоматты қалааралық телефон байланыстарына ғана қатысты. Жеңілдік телефонист арқылы берілген тапсырыстарға қолданылмайды.
Ал туған-туыстарында телефон жоқтар телеграмма арқылы сәлемдеме жолдай алады. Байланыстың бұл түрі мереке және бір күн бұрын 50 пайыз жеңілдікпен қабылданады. Бұл қызмет ТМД елдеріне жолданатын үкіметтік, жай және жедел телеграммаларға қатысты.
Еламан Қоңыр.
Дерек: YK-news.
Сурет: kapital.kz.