• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
24 Маусым, 2015

+43 Атырауда аптап ыстық ай соңына дейін сақталады

335 рет
көрсетілді

Атырауда соңғы 3-4 күннен бері аптап ыстықтың беті қайтар емес. Синоптиктер алдыңғы күні аптап ыстықтың +43 гра­дусқа көтерілгенін растады. «Қаз­гид­ромет» РМК Атырау филиалының метео­болжам бөлімінің басшысы Гүлайна Мыр­зашеваның жергілікті басылымдарға хабарла­ғанындай, кеше Махамбет ауданында ауаның температурасы +43 градус­ты көрсетіпті. Оның айтуынша, Аты­рауда алдағы күндері аптап ыстық +40-41 градус болатындығы күтілуде. Мұндай аптап ыстық әлі де бір аптадай сақталмақ екен. Синоптиктер айдың соңғы күндері, яғни 29-30 мау­сымда температура +42 градустан да жоға­рылай­тындығына назар аударып отыр. Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан». АТЫРАУ.
Соңғы жаңалықтар