• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
21 Наурыз, 2015

Ресейде түрік мәдениетінің жылы өтеді

263 рет
көрсетілді

АСТАНА. 21 наурыз. Мәскеуде түрік мәдени орталығы ашылады. Ресейдің мәдениет министрі Владимир Мединский осылай деді. Бұл туралы һaggin.az хабарлады. Мәскеуде Түркияның Мәдениет және туризм министрі Өмер Челик ресейлік әріптесімен кездесіп, екі ел арасындағы рухани байланыстар жөніндегі мәселелерді талқылады. Кездесу барысында Владимир Мединский түркиялық әріптесін жыл сайын Санкт-Петербургте өтетін форумға қатысуға шақырды. Бұдан бөлек, тараптар алдағы уақытта қолға алынуы мүмкін Ресейдің Түркиядағы, сол сияқты Түркияның Ресейдегі жылы аясында ресейлік туристерге визалық жеңілдіктер беру мәселесін сөз етті. Сондай-ақ, Санкт-Петрбург эрмитажында тұрған Түркия туын қалпына келтіру жұмысына түрік мамандарын қатыстыру ісі әңгіме арқауына айналды. Жолдыбай Базар. Дерек, сурет: һaggin.az.