• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
21 Наурыз, 2015

Путин Немцовтың өліміне кінәлі адам туралы пікірін білдірді

227 рет
көрсетілді

АСТАНА. 21 наурыз. Ресей президенті Владимир Путин Борис Немцовтың өліміне кінәлі адамның табылатынына үмітпен қарайды. Бұл туралы rosbalt.ru хабарлады. Ол Ресейдегі өндіріс иелері мен кәсіпкерлердің конференциясында «Немцовты өлтіруге тапсырыс берген адам табыла ма?», деген сұраққа «Мен бұған үмітпен қараймын», деп жауап берді. Осыған дейін Путин Ресей Ішкі істер министрлігінің алқа мәжілісінде саясаткердің өліміне қатысты өз пікірін білдірген еді. «Бізге Ресейді осындай шектен шыққан қылмыстардан тазарту керек», деген президент құқық қорғау органдарын мұндай қылмыстарды ашу үшін жұмыс сапасын арттыруға шақырды. Владимир Путин қылмыскердің табылатынына үмітпен қарағанымен, ресейліктердің басым бөлігі Немцовті өлтірткен адамның ұсталатынына сенбейді. «Левада» орталығы жүргізген сауалнамада жауап берушілердің 33 пайызы сеніммен қараса, 44 пайызы қарама-қайшы пікір білдірген. Тіпті 48 пайызы табылған күннің өзінде қылмыстың нақты себебінің анықталатынына сенбейді. Еламан Қоңыр. Дерек: rosbalt.ru. Сурет: tsn.ua.