• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
21 Наурыз, 2015

Қарағандылықтар Наурызды жексенбі күні тойлайды

280 рет
көрсетілді

ҚАРАҒАНДЫ. 21 наурыз. Қарағандылықтар ұлыстың ұлы күнін 22 наурызда атап өтпек. Бұл туралы nv.kz хабарлады. Негізгі шара Қарағандының орталық алаңында ұйымдастырылады. Ал Бұқар жырау даңғылында киіз үйлер тігіліп, ұлттық нақыштағы көріністер ұсынылады деп күтілуде. Жалпы, қалада 41 киіз үй тігу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, қала тұрғындары мен қонақтарына ұлттық тағамдар, түрлі ас мәзірлері ұсынылады. Бұдан бөлек, Нұркен Әбдіров атындағы спорт сарайында ұлттық спорт ойындарынан жарыстар өткізіледі. Айта кетейік, Наурыз мейрамы шаһардың барлық аудандарында ұйымдастырылады. Халыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын шаралар Қарағандының аспанын кернегелі тұр. Айқын Несіпбай. Дерек, сурет: nv.kz.
Соңғы жаңалықтар