• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Шаруашылық 19 Қараша, 2025

Диқандар биыл да рекордтық межені бағындырмақ

20 рет
көрсетілді

Солтүстік Қазақстан облысының диқандары биыл да рекордтық астық жинағалы отыр. Кейбір шаруашылықтар гектарынан 60 центнерден өнім алып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы өңірге Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров келіп, аграрийлермен өткізген кеңесте айтылды. Орақ науқаны толығымен аяқталуға санаулы күндер қалды.

Сонымен бірге, кеңесте өткен 8 айдың қорытындысына қарағанда Солтүстік Қазақстанда ауыл шаруашылығы өнімдері 255,7 млрд теңгеге жетіп, жалпы өнім индексі 109,3 пайызға орындалғаны белгілі болды.

–  Соңғы жылдары егістік алаңын әртараптандыру ұлғайып келеді. Биыл майлы дақылдар 1 миллион гектарға отырғызылды, орақ қорытындысында одан 1 млн тонна өнім алатын шығармыз деген үмітіміз бар, – деді облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.

Солтүстік Қазақстан облысы