АСТАНА. 22 наурыз. Кеше Тблисиде елдің бұрынғы президенті Саакашвилидің жақтастары көп мың адам қатысқан шеру өткізіп, онды үкіметті отставкаға кетуге шақырды. Бұл туралы «Новости-Грузия» хабарлады.
«Грузия үкіметі халықтың толық сенімін жоғалтып алды, енді ол отстакаға кетуі керек». Елдің бұрынғы президенті Михаил Саакашвили «Біртұтас ұлттық қозғалыс» партиясы ұйымдастырған наразылық акциясына қатысушыларға осындай үндеу жолдады.
«Грузия үкіметі бүгінде халықтың сенімін толық жоғалтып алды, ол әлдеқашан өтірікке белшесінен батқан болатын. Енді билік басынан ресейлік олигарх пен оның сыбайластарын алып тастау ғана қалды. Қозғалысты тоқтатуға болады, бірақ оның жалғасы Грузияны құртып тынады», - деп мәлімдеді Саакашвили Брюссельде отырып.
«Біз өте жақын арада Грузияны осы бір іс-әрекетсіз қара күштерден азат етеміз, сөйтіп оны жарқын жолға шығарамыз», - деп сайрады Саакашвили бұдан әрі.
Ұйымдастырушылардың айтуларынша, акцияға барлығы 50 мыңға жуық адам қатысқан. Олар шараның әлі жалғаса беретінін айтып отыр.
Мұрат Айтқожа.