• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
22 Наурыз, 2015

KEGOC 1 сәуірден бастап электр энергиясы тарифтерін арзандатады

390 рет
көрсетілді

АСТАНА. 22 наурыз. KEGOC акционерлік қоғамы үстіміздегі жылдың 1 сәуірінен бастап KEGOC желілері бойынша электр энергиясын беру тарифтерін 1,954 теңгеден 1,943 теңге/КВт-сағатқа дейін төмендетеді. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады. Хабарламада көрсетілгендей, тарифтерді бұлайша төмендету деңгейі Ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетімен келісілген. Еске сала кетейік, биылғы жылдың басында Ұлттық экономка министрлігі электр энергиясына тарифтер төмендетілетінін хабарлаған болатын. Оның бірінші кезеңінде «Болат Нұржанов атындағы «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС-да бағаның төмендеуі 8,80-нен 8,65 теңге/1 кВТ сағат  (ҚҚС-ныз) есебінен, электрмен жабдықтайтын ұйымдардың түпкілікті бағасы арзандайтынын жариялаған болатын. Екінші кезеңде KEGOC АҚ-тың, аудандық электр компанияларының, электр беретін ұйымдардың бағасын төмендету жоспарланған. Қазіргі кезде Р Энергетика министрлігі табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетіне Екібастұз ГРЭС-1 электр энергиясын босату бағасын 8,8-ден 8,65 теңге/кВТ-сағатқа төмендететінін хабарлады. Осыған байланысты KEGOC шығындарды қайта есептеп, оның қорытынысында компания желілері бойынша электр энергиясын беру туралы қызметтерге тарифті 1,954-тен 1,943 теңге кВт-сағатқа дейін арзандату жөнінде шешім қабылданды. Жолдыбай Базар. Дерек, сурет: «ҚазАқпарат».  
Соңғы жаңалықтар