АСТАНА. 22 наурыз. Үстіміздегі жылдың 17 наурызындағы жағдай бойынша, еліміздегі жанар май қоймаларында 422,2 мың тонна АИ-92 маркалы бензин және 615,2 мың тонна дизель отыны қалған. Бұл туралы total.kz хабарлады.
Мамандардың айтуынша, бұл көрсетілген жанармай қоры 2 айға ғана жететін көрінеді.
Еске сала кетейік, үстіміздегі жылдың 5 наурызынан 20 сәуірге дейін Қазақстан Ресейден бензин және дизель отынын импорттауды тоқтатқан болатын. Энергетика министрлігі мәлім еткендей, аталмыш шектеу елімізге Ресейден келетін бензин мен дизель отынының тым көбейіп кеткеніне байланысты қойылған.
Қазіргі таңда сарапшылар аталмыш шектеудің тыйым еліміздегі бензин және дизель отынының тапшылығы мен қымбаттауына апарып соқтыратынын ескертіп отыр. Ал Энергетика министрлігі Ресейден келетін жанар майға қойылған шектеу ішкі нарыққа әсер етпейтінін, дәлірегі бензин және дизель отыны қымбаттамайтынын жеткізді.
Жолдыбай Базар.
Дерек, сурет: total.kz.