АСТАНА. 22 наурыз. Еліміздің солтүстік, шығыс, оңтүстік және орталық аймақтарында жел күшейеді. Бұл туралы today.kz хабарлады.
Хабарламада көрсетілгендей, 24 наурызда Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарында жаңбыр жауады деп күтілуде. Бұл өңірлерде сондай-ақ, батыс және оңтүстік-батыстан секундына 25 метр жылдамдықпен жел тұратыны болжанып отыр.
Сол сияқты, 24 наурызда Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында жауын-шашын болып, желдің ұйытқуы 23-28 метр секундқа дейін жетуі ықтимал.
Ал Астанада 24 наурызда қар аралас жаңбыр жауады әрі оңтүстік-батыстан жылдамдығы 25 метр секундқа жететін жел соғады.
Жолдыбай Базар.
Дерек, сурет: today.kz.