• RUB:
    5.43
  • USD:
    472.62
  • EUR:
    513.22
Басты сайтқа өту
08 Шілде, 2010

ҚАЗАҚСТАН — ФРАНЦИЯ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ФОРУМЫ ӨТТІ

475 рет
көрсетілді

Жуырда Париж қаласында Қазақстанның Франциядағы елшілігінің атсалысуымен Қазақстан-Франция жоғары оқу орындарының “Білім алудың халықаралықтануы, бағыт-бағдар, проблемалар және перспективалар” атты алғашқы форумы өтті. Аталған форумның мақсаты – Қазақстан мен Франция жоғары оқу орындарының арасындағы жоғары білім алу саласындағы ынтымақтастықты кеңейту әрі нығайту десек, бұл шараға біздің елімізден ҚР Бі­лім және ғылым министрлігінің өкілдері, жоғары оқу орындары­ның, ғылыми орталықтардың, және “Болашақ” халықаралық бағ­дарламасының басшылары­нан құралған топ қатысты. Ал Франция тарапынан Жоғары білім және зерттеу, Сыртқы іс­тер, Көші-қон министрлік­терінің, Кампус Франс агент­тігінің басшылары келді. Форумда Болон процесі аясындағы жоғары білім алудың даму үрдісі және Қазақстан мен Франция арасындағы өзара қарым-қатынастың одан әрі дамуы мәселелері талқыланды. Форумға қатысушылар жаһан­данудың қоғам алдына қойып отырған талаптарын ескере отырып, жоғары оқу орын­дарының ынтымақтастығын дамыту және жоғары білім алуды халықаралықтандыру бойынша тығыз қарым-қаты­наста жұмыс істеуге келісті. Сөйтіп, екі жақ өзара ынты­мақтастық орнату мақсатын­дағы уағдаластықтарға қол жеткізіп, бірнеше келісім-шарттарға қол қойды. Сонымен қатар, форумға қатысушыларды Орталық Азия-Франция достық парламентара­лық тобындағы Қазақстан бағыты үшін жауапты сенатор Эймери де Монтескью, Қазақ­стан-Франция парламентара­лық достық тобының төрағасы, депутат Тьерри Мариани қабылдады. “Егемен-ақпарат”.