• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
22 Наурыз, 2015

Буджак даласында Гагаузия башканын сайлау жүріп жатыр

412 рет
көрсетілді

АСТАНА. 22 наурыз. Бүгін Молдова мемлекетінің құрамындағы Гагаузия әкімшілік-территориялық бірлігінде оның башканын, яғни басшысын сайлау өтіп жатыр. Бұл туралы Lenta.Ru хабарлады. Әкімшілік-территориялық бірліктің басшы болу үшін мұнда 10 кандидат сайлауға түсіп жатыр. «Алайда, Ресей Федерациясымен байланысты кеңейте түсу үшін күресетін үміткердің нақты мүмкіндігі бәрінен артық саналып отыр», - делінген хабарламада. Түркі тілдес гагауз халқының басын құрайтын Буджак даласында башкан сайлауын жергілікті сайлау комиссиясы ұйымдастырады. Мұндағы жұрттың еркі мен қалауы процесіне Молдова билігі мүлдем араласпайды. Ал сайлаушылардың 50 пайыздан астам бөлігі келгенде сайлау өттіге саналады. Гагаузия – Молдованың оңтүстік бөлігінде орналасқан автономияоы территориялық құрылым. Аймақтағы тұрғындардың 80 пайызын тегі мен тілі түркілік, алайда, діні православие гагауздар құрайды. Олар түрік, әзербайжан, түрікмен, афшар, қашқай, қарадағ халықтары тәрізді түркі тілінің оғыз тобына жатады. 1990 жылы бұл республика өзінің тәуелсіздігін жариялап, 4 жыл бойы мойындалмаған мемлекет мәртебесінде тіршілік етті. 1995 жылы ол автономия құқығымен Молдова құрамына қайта кірді. Мұрат Айтқожа.