• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
22 Наурыз, 2015

Болгария президенті Жеңістің 70 жылдығын тойлауға келмейді

354 рет
көрсетілді

АСТАНА. 22 наурыз. Болгария президенті Росен Плевнелиев Мәскеуде Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 70 жылдығына арналып өтетін шараларға қатыспайтынын білдірді. Бұл туралы Болгарияның NewsBG.ru порталы хабарлады. Болгария мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлағандай, президент Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай өтетін салтанатқа арнайы шақырту алған, бірақ ол бұл шараларға қатысуды жоспарлап отырған жоқ. Болгария президентінің неге бара алмайтыны туралы бір ауыз да сөз жоқ. Аталған екінші дүниежүзілік соғыста Германия, Италия және Жапония жағында 1941 жылы соғысқа кірді. Болгария сол кезде АҚШ пен Ұлыбританияға қарсы соғыс жариялады. Алайда, ол Германияның одақтастары арасындағы КСРО-ға қарсы соғыс қимылдарына қатыспаған жалғыз мемлекет болды. Мұрат Айтқожа.