• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
22 Наурыз, 2015

Ақтөбеде бензиннің нашарлығынан көліктер бұзылып жатыр

272 рет
көрсетілді

АСТАНА. 22 наурыз. Ақтөбеде онға жуық автокөлік су қосылып кеткен бензиннің кесірінен істен шыққан. Бұл туралы auto.mail.ru хабарлады. Тарата айтар болсақ, оқиға қаладағы «Ростанефть» жанармай құю бекетінен бастау алған. Компания өкілдері әлгі істен шыққан көліктерге су араласқан бензин құйылғанын мойындап отыр. «Ростанефть» компаниясының заңгері Болат Майсүтов су қосылып кеткен цистернадағы бензин тиісті орынға тексеруге жіберілгенін, егер расында жанар майға су араласқанына заңды түрде көз жеткізілсе, зардап шеккендердің шығындары өтелетінін жеткізді. Қазіргі таңда нашар бензиннен бұзылған көліктерді жөндеу ісі күтіп тұр. Оларды қалпына келтіру қымбатқа түсетін көрінеді. Сондай-ақ, өздігінен жүре алмайтын бұл көліктерді жөндеу орындарына жеткізу үшін эвакуатор қажет. Оның қызметіне төленетін ақы да аз емес. Осы келеңсіздіктен кейін аталмыш жанармай құю бекеті клиенттерінен айырылып қалмауы үшін АИ-92 маркалы бензиннің бағасын 99 теңгеден 95 теңгеге дейін төмендеткен. Жолдыбай Базар. Дерек, сурет: auto.mail.ru.