• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
11 Тамыз, 2015

Ресей аумағында Қазақстан пойызынан жарылғыш зат табылды

303 рет
көрсетілді

ҚОСТАНАЙ. 11 тамыз. Ресей аумағында Қазақстан пойызынан жарылғыш зат табылды. Бұл туралы ng.kz сайытына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Ресейдің Қарталы теміржол стансасында ресейлік арнайы қызметтің қызметкерлері Қазақстаннан шыққан жүк пойызын тоқтатқан. Вагондардың бірінен жарылғыш зат табылған. Көлік қоршалып, бірнеше сағат бойы тексерілген. Пойыз түнгі 3 пен 4-тің арасында тоқтатылған. 4 сағаттық іздестіруден кейін жүк вагонынан тротил жарылғышы мен GPS-трекер табылды. Көрші елдегі «Первый областной» сайты қызметкерінің бірі: «Тротилдің қанша екені белгісіз. Қазір жедел іздестіру бөлімінің мамандары жарылғыш заттың қашан және қай жерде салынғанын анықтап жатыр. Бұл жарылғыш зат пойыз Қазақстанға келмей жатып, бұрынғы Кеңес одағы құрамындағы республикалардың бірінде салынған болуы мүмкін», – деген болжам айтқан. Алайда, бұл болжам туралы Ресейдің федералды қауіпсіздік қызметі (ФСБ) басқармасындағылар анық ештеңе айтқан жоқ. Ресейдің ақпарат көздерінде Қазақстаннан барған жүк пойыздарында жарылғыш зат тротилдің табылуы бірінші рет емес екені айтылады. Осыдан бір ай бұрын  Қарталы теміржол стансасында Қазақстаннан келген тағы бір жүк пойызы тоқтатылған болатын. Онда да Ресей шекарашылары тротил жарылғышы салынған әрқайсысы 400 грамдық екі ыдыс тауып алған еді. Нәзира Жәрімбетова. Дерек: ng.kz. Сурет: vk.com.