АСТАНА. 22 наурыз. Украина бұқаралық ақпарат құралдары елдің бұрынғы президенті Виктор Януковичтің ұлы Виктордың Байкал көліне суға батып кеткенін жария етті. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады.
Ал Ресейдің төтенше жағдайлар министрлігінің жедел штабы төтенше жағдай нәтижесінде Байкал көлінде Мәскеу қаласының тумасы Виктор Давыдовтың қаза тапқанын баяндады.
Обозреватель.com мәліметіне қарағанда, кіші Виктор Янукович балық аулап жүргенінде мұздың астына түсіп кеткен көлікпен бірге батқан.
Өз кезегінде LB.ua басылымы кіші Януковичті Байкалдың үстінде өткен спорт шарасына қатысқан етіп шығаруда.
Төтенше жағдайлар министрлігі Иркутск облыстық бас басқармасы Байкалда болған қайғылы оқиғаны расқа шығарды. Бірақ қаза тапқан кім екенін ашып айтып отырған жоқ. Бұдан бір күн бұрын, кеше көлдің Ольхон аралы маңындағы аумағында шынында мұздың ойылып кету фактісі орын алған. Төтенше жағдайлар министрлігінің тұжырымынша, оқыс оқиға «қауіпсіздік техникасының өрескел бұзылуының» салдарынан болған.
Айтуларына қарағанда, көліктің ішінде алты адам болған. Ол суға бата бастағанда бес жолаушы аман-есен шығып үлгерген де, жүргізуші қаза тапқан.
Төтенше жағдайлар жедел штабы өкілінің «Новости» агенттігіне берген мәліметі бойынша, Байкал көлінде орын алған оқиғаның салдарынан қаза тапқан Мәскеу қаласының 1981 жылы туған тумасы Виктор Алексеевич Давыдов көрінеді.
Мұрат Айтқожа.
Дерек, сурет: РИА «Новости».