АСТАНА. 22 наурыз. Әзербайжан қорғаныс министрлігі армян солдатының әзербайжан жағына өтіп кеткен дерегін растады. Бұл туралы haqqin.az порталы хабарлады.
«Әзербайжан қорғаныс министрлігінде армян солдатының әзербайжан жағына өтіп кеткені туралы ақпар расқа шығарылып отыр», - делінген ведомоство баспасөз қызметі таратқан парақшада.
«Мұндай фактінің бары рас. Бұл негізінен армян армиясы қатарында орын алған қауырт жағдайға, қорқыныш пен үрейге байланысты болса керек», - деп мәлімдеді қорғаныс ведомствосы баспасөз қызметінің басшысы Вагиф Даргяхлы.
Оның айтуынша, Әзербайжан қорғаныс министрлігі болған оқиғаға байланысты қосымша ақпарлар таратады.
Мұрат Айтқожа.