• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Президент 17 Желтоқсан, 2025

Президент бір топ энергетикті мемлекеттік наградалармен марапаттады

20 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев энергетика саласының майталмандарын мемлекеттік наградалармен марапаттады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Отан» ордені

Әбітаев Есберген Әбітайұлы – еңбек ардагері, Алматы қаласы.

«Парасат» ордені

Атақұлов Ермаханбет Тиллабекұлы – «KEGOC» АҚ басқарушы директоры, Астана қаласы; Сүлейменов Серік Жүсіпұлы – «Электр энергиясы мен қуаты рыногының қазақстандық операторы» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі, Қызылорда облысы.

«Құрмет» ордені

Асрепов Миржан Ғұмарұлы – еңбек ардагері, Астана қаласы; Бузав Әбжәлі Мәуленұлы – «Жылу» МҚК шебері, Түркістан облысы; Қожин Мұрат Қабиденұлы – еңбек ардагері, Ақмола облысы; Нұрмұханбетов Ержан Әбитайұлы – «Талдықорған акционерлік электр жүйелерін тасымалдау компаниясы» АҚ аға диспетчері, Жетісу облысы; Рау Владимир Александрович – еңбек ардагері, Павлодар облысы; Хван Александр Федорович – еңбек ардагері, Маңғыстау облысы.

ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордені

Вашкель Иван Вацлавович – «КЕGОС» АҚ «Ақмола жүйералық электр желілері» филиалы Петропавл АЭЖ «Мүсірепов» 220кВ-КС электр слесары, Солтүстік Қазақстан облысы; Есжанов Амандық Оразғалиұлы – «МАЭК» ЖШС 1-ЖЭО слесары-жөндеушісі, Маңғыстау облысы; Жамалақов Қанатбек Ерділдаұлы – «Жамбыл электр желілері» ЖШС Мойынқұм АЭЖ шебері, Жамбыл облысы; Колесников Сергей Викторович – «Текелі энергокешені» ЖШС электр слесары, Жетісу облысы; Сейсекенов Қайырғали Жұмаұлы – «Батыс Қазақстан өңірлік электржелілік компаниясы» ЖШС жүргізушісі, Батыс Қазақстан облысы; Ысқақ Айтжан Бахытжанұлы – «Энергосистема» ЖШС кабелшісі-көлік жүргізушісі, Ақтөбе облысы.

«Ерен еңбегі үшін» медалі

Азанғұлов Қуаныш Орынбайұлы – «Өскемен ЖЭО» ЖШС слесары, Шығыс Қазақстан облысы; Ақбаев Жандарбек Садырұлы – «СКЗ-U» ЖШС электр монтері, Қызылорда облысы; Бекмағанбетов Фазылбек Қайлыұлы – «KEGOC» АҚ 220кВ КС электр слесары, Қостанай облысы; Бернгардт Ольга Владимировна – «Қарағанды Жарық» ЖШС Бұқар Жырау АЭЖ кіші станциясының шебері; Волков Дмитрий Геннадьевич – «Петропавл жылу жүйелері» ЖШС №1 желілік ауданының электрмен және газбен дәнекерлеушісі, Солтүстік Қазақстан облысы; Гибадулин Равиль Сибагатуллович – «Астана-Энергия» АҚ қазандықтарының машинисі, Астана қаласы; Елеманова Әлия Аликқызы – «Алматы энергетика және байланыс университеті» КеАҚ профессоры, Алматы қаласы; Калинина Татьяна Васильевна – «Kazakhmys Energy» ЖШС «Топар бас тарату энергостанциясы» ЖШС бу турбиналарының машинисі, Қарағанды облысы; Кенжеев Абдуәли Бұрханұлы – «Шардара СЭС» АҚ гидротехникалық жабдықтарын қараушысы, Түркістан облысы; Қапез Ерқанат Жандарбекұлы – «Еуразия энергетикалық корпорациясы» АҚ тепловоз машинисі, Павлодар облысы; Қаратаев Болатбек Жәнібекұлы – «ҚызылордаЖылуЭлектрОрталығы» МКК операторы; Мелентьев Андрей Иванович – «Шығыс Жылу» АҚ Үлбі АЭЖ электрмен және газбен дәнекерлеушісі, Шығыс Қазақстан облысы; Темникова Евгения Геннадьевна – «Талғар Жылу» МКК бас инженері, Алматы облысы.

Айта кетейік, бүгін Ақордада Президент энергетика саласы қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады.

Соңғы жаңалықтар