• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
23 Наурыз, 2015

Царев мен Геращенко кіші Януковичтің қазасын расқа шығарды

224 рет
көрсетілді

АСТАНА. 23 наурыз. «Новороссия» қозғалысының лидері Олег Царев пен Украина ішкі істер министрінің кеңесшісі Антон Геращенко «Дождь» телеарнасына берген түсіндірмелерінде Украинаның экс-президенті Виктор Януковичтің кіші ұлы Виктордың қаза тапқанын расқа шығарды. Бұл туралы «Полит.Ру» хабарлады. «Мен Януковичпен байланыста жүрген достарыммен телефон арқылы сөйлесіп шықтым, олардың бәрі осы қайғылы оқиғаның болғанын растап берді», - деп мәлімдеді Олег Царев. Ол сонымен бірге, өзінің бұрынғы президент қызметінен кеткелі бері онымен байланысы үзіліп қалғанын айтты. Осы қайғылы оқиғаның орын алғанын Антон Геращенко да шындық ретінде атап көрсетті. Ол кіші Виктор Януковичтің Байкал көлінің мұзы астына көлікпен бірге батып кеткенін растады. Украина ішкі істер министрі кеңесшісінің сөзіне қарағанда, Януковичтің ұлы көлдің үстінде достарымен бірге қыдырып жүрген. Бірақ бұл оның айдынында көлікпен жүретін уақыт емес. Трагедия ескі мұз бер жаңа мұздың шектескен жерінде орын алған. Геращенко осыған орай Volkswagen Multivan көлігінің бір бүйіріне қарай құлап, біртіндеп суға бата бастағанын анықтап айтты. «Төрт адам бірден машина кабинасынан секіріп шығып кеткен. Олар біреуін судан қолдап шығарып алған. Ал белдікке байланған, көлікті жүргізуші Янукович онымен бірге көлдің түбіне кетіп қалған», - деді ол. Бұдан бұрын кіші Виктор Януковичтің қазасын Украина Жоғары радасының депутаты Нестор Шуфрич де растаған болатын. Мұрат Айтқожа. Мәнбе, сурет: Полит.Ру.