• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам 22 Желтоқсан, 2025

Дропперлік шоттардағы миллиардтаған теңге бұғатталды

20 рет
көрсетілді

Қазақстанда есірткі қылмыстарынан алынған кірістерді бұғаттауға арналған алгоритмді іске асыру басталды. Бұл туралы 2025 жылғы прокуратура органдарының жұмыс қорытындылары бойынша өткен алқа отырысында Бас прокурор Берік Асылов мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оның айтуынша, жаңа тетік шеңберінде «дропперлік» деп аталатын 195 мыңнан астам шот бұғатталған. Шоттардағы қаражаттың жалпы сомасы 2,6 млрд теңгені құраған. Сонымен қатар, тергеу барысында прокурорлардың бастамасымен 9 млрд теңгеден астам сомаға тыйым салынған.

Бас прокурор биыл заңсыз қылмыстық әрекетке тартудың 3 мыңнан астам дерегінің алдын алу мүмкін болғанын да айтты. Сондай-ақ ол адам құқықтарын қорғау және қылмыстық-атқару жүйесінің (ҚАЖ) жұмысы салаларындағы оң өзгерістерге тоқталды.

Атап айтқанда, азаптау деректерінің саны бірнеше есе қысқарды, 2025 жылы ҚАЖ мекемелерінде азаптау жағдайларына жол берілген жоқ, сотталғандар арасындағы суицид деңгейі 27%-ға төмендеген, ал олардың еңбекпен қамтылу көрсеткіші 15%-ға артқан.

Прокуратурада қаржылық бақылау алгоритмдерін енгізу және қадағалау жұмыстарын күшейту көлеңкелі экономиканы қысқартуға әрі ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрестің тиімділігін арттыруға бағытталғаны айтылды.