• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам 22 Желтоқсан, 2025

Ақтөбе облысында қала әкімі өз-өзіне қол жұмсады

Ақтөбе облысында Темір қаласының әкімі Еркін Далмағамбетовтің мәйіті табылды, деп жазады Egemen.kz.

Жайсыз хабарды полиция департаменті де растады. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Анықталғандай марқұм өз-өзіне қол салған. Бұдан өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жарияланбайды.

Ресми деректерге сәйкес,  Еркін Далмағамбетов Темір қаласының әкімі қызметіне 2024 жылдың маусым айында тағайындалған. 

Қосымша ақпарат тергеу нәтижесіне қарай жарияланады.

Соңғы жаңалықтар