• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Заң 26 Желтоқсан, 2025

Президент «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау туралы» заңға қол қойды

70 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және білім беру-сауықтыру қызметтері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Құжат бірнеше шараларды қарастырады, соның ішінде:

тарихи-мәдени мұра нысандарын қорғау және пайдалану саласындағы лицензиялау жүйесін жетілдіру және біліктілік талаптарын айқындау; Ұлттық археологиялық қызметтің жұмыс істеу тәртібі мен археологиялық жұмыстарды үйлестіру құзыретін бекіту; археологиялық жұмыстар бойынша бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйе құру; тарихи-мәдени сараптама қорытындысын ескере отырып жер учаскелерін беру тәртібін нақтылау; археологиялық олжалар мен материалдарды табыстау, сақтау және пайдалану тәртібін, Ұлттық депозитарий құру арқылы реттеу; жоспарлы және жоспардан тыс археологиялық жұмыстарды бөлу және оларды жүргізуге біркелкі талаптар енгізу.

Аталған өзгерістер археологиялық қызметті жүйелеуге және тарихи-мәдени мұра нысандарын сақтау кепілдігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Соңғы жаңалықтар