• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ауа райы 27 Желтоқсан, 2025

27 желтоқсанда республика бойынша қай жолдарда қозғалыс шектелді?

30 рет
көрсетілді

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Ұлттық компанияның мәліметінше, 2025 жылғы 27 желтоқсан сағат 05:30-дан бастап Шығыс Қазақстан облысында республикалық маңызы бар «Өскемен- Алтай-Үлкен Нарын - Катонқарағай - Рахман қайнары» автожолының 166-250-шақырым аралығында (Алтай қаласы - Үлкен Нарын ауылы) көліктің барлық түрі үшін қозғалыс ашылды.

Ал тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы Осинов асуында уақытша шектелді. Шектеу «Өскемен - Алтай - Қатонқарағай - Рахман қайнары» автожолының 46-66-шақырымындағы (Северное ауылы - Серебрянск қаласы) учаскесінде қыс аяқталғанша сақталады.

Ал Павлодар облысында «Астана - Шідерті - Павлодар - Успенка - РФ шекарасы» автожолындағы жолайрықтың көпір құрылымының шеткі арқалықтары зақымдануына байланысты «Қалқаман» жолайрығы учаскесі жабылды. Атап айтқанда, Қалқаман кентіне кіреберіс пен Астана бағытына шығатын жол уақытша жабық.

Соңғы жаңалықтар