• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға 29 Желтоқсан, 2025

Атырауда 3 адам көмірқышқыл газына уланып қайтыс болды

Атырау маңындағы Томарлы ауылындағы жеке тұрғын үйде үш адам көмірқышқыл газынан уланып көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қайғылы оқиға 28 желтоқсанда, шамамен сағат 13:40-та болған. Алдын ала мәлімет бойынша, газбен жұмыс істейтін жылыту пешінде тартудың жоқтығы оқиғаға себеп болған.

Үйде 1958 жылы туған ерлі-зайыпты және 1953 жылы туған ер адам болған. Үшеуі де оқиға орнында қайтыс болды. ТЖД қызметкерлері шақырту бойынша оқиға орнына барған.

Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы нақтыланып жатыр.

Соңғы жаңалықтар