• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Төтенше жағдай 29 Желтоқсан, 2025

Ақтауда түнде автокөлік өртенді

10 рет
көрсетілді

Ақтаудың 33-шағынауданында түнгі уақытта жеңіл автокөлік өртеніп, оқиға орнына құтқару қызметі жедел жетті. Зардап шеккендер жоқ, деп жазады Egemen.kz.

28 желтоқсанға қараған түні Ақтаудағы 33-шағынауданда жеңіл автокөлік өртенді. Өрт туралы хабар сағат 22:40-та жеткен. Оқиға «Аққу» тұрғын үй кешенінің аумағында, №7 үйдің маңында болған.

Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт Mercedes-Benz маркалы, газ баллондық жабдықпен жабдықталған автокөлікті шарпыған.

Оқиға салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өрт сағат 22:53-те толық сөндірілді. Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

Оқиға орнына төтенше жағдайлар қызметінен 11 адамнан құралған жеке құрам және 2 бірлік техника жұмылдырылған.

     
Соңғы жаңалықтар