АСТАНА. 23 наурыз. Кіші Виктор Януковичтің денесі жер қойнына берілу үшін бүгін Қырым түбегіне жеткізілді. Бұл туралы өзінің мәнбесіне сүйенген РИА «Новости» хабарлады.
«Марқұмның табыты салынған ұшақ Бальбек аэропортына келіп қонды», - деп баяндады мәнбе иесі. Оның сөзіне қарағанда, Януковичті жоқтау 24 наурыз күні Севастопольдің храмдарының бірінде өтеді. Ал жерлеу рәсімі 25 наурызда Ялтада болады.
«Егер осыған байланысты үлкен шу мен ду-дабыр көтеріліп кетер болса, онда марқұмның туған-туыстары траур процессиямы орнын өзгертіп, басқа аймаққа көшіру жөнінде шешім қабылдайды», - деп атап өтті мәнбе.
Бұдан бұрын аймақтар партиясы кіші Януковичтің қаза тапқанын расқа шығарғаны белгілі болған еді.
Мұрат Айтқожа.
Мәнбе, сурет: РИА «Новости».