Дүйсенбі күні ел аумағында ауа райы әр түрлі болады. Мәселен, синоптиктер елдің солтүстігінде аяз күшейіп, қар жауып, боран соғатынын айтады. Орталық аймақтарда қар аз жауғанмен, бұрқасын байқалады. Ал оңтүстікте жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман түседі. Батыс өңірлерде де негізінен жауын-шашын күтілмейді, деп жазады Egemen.kz.
Астана Аспан бұлтты, кей уақыттарда аздап қар жауады, жаяу боран соғады. Таңертең және күндіз жел күшейеді. Түнде –11…–13°C, күндіз –7…–9°C.
Алматы Аспан ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Түнде –1…–3°C, күндіз +1…+3°C.
Шымкент Ала бұлтты, жауын-шашын жоқ, кей уақытта тұман. Түнде –2…–4°C, күндіз +3…+5°C.
Түркістан Ала бұлтты, жауын-шашынсыз, тұман түсуі мүмкін. Түнде –3…–5°C, күндіз +2…+4°C.
Қонаев Ала бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде тұман. Түнде –1…–3°C, күндіз +1…+3°C.
Талдықорған Ала бұлтты, кей уақыттарда жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, тұман. Түнде –2…–4°C, күндіз 0…+2°C.
Қызылорда Аспан аз бұлтты, жауын-шашын жоқ. Кей жерде тұман, көктайғақ. Түнде –7…–9°C, күндіз –2…–4°C.
Тараз Ала бұлтты, жауын-шашынсыз, тұман болуы ықтимал. Түнде –0…–2°C, күндіз +2…+4°C.
Ақтау Ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +1…+3°C, күндіз +8…+10°C.
Атырау Ала бұлтты, жауын-шашын жоқ, кей уақытта тұман. Түнде –0…–2°C, күндіз +2…+4°C.
Орал Аспан бұлтты, күндіз жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, боран, көктайғақ, тұман. Жел күшейеді. Түнде –3…–5°C, күндіз –1…+1°C.
Ақтөбе Аспан бұлтты. Түнде қар, көктайғақ, күндіз жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, боран. Жел күшейеді. Түнде –7…–9°C, күндіз –0…–2°C.
Қарағанды Ала бұлтты, түнде қар, жаяу бұрқасын, кей жерде тұман. Түнде –8…–10°C, күндіз –6…–8°C.
Жезқазған Ала бұлтты, жауын-шашынсыз, тұман түсуі мүмкін. Түнде –9…–11°C, күндіз –6…–8°C.
Қостанай Аспан бұлтты, таңертең және күндіз қар жауады, боран соғады. Тұман, жел күшейеді. Түнде –12…–14°C, күндіз –4…–6°C.
Көкшетау Ала бұлтты, таңертең және күндіз аздап қар, жаяу бұрқасын. Жел екпінді. Түнде –15…–17°C, күндіз –6…–8°C.
Петропавл Ала бұлтты, күндіз қар мен боран. Жел күшейеді. Түнде –15…–17°C, күндіз –8…–10°C.
Павлодар Ала бұлтты, түнде қар, жаяу боран. Түнде –10…–12°C, күндіз –6…–8°C.
Семей Ала бұлтты, түнде және таңертең қар, боран, көктайғақ. Түнде –5…–7°C, күндіз –3…–5°C.
Өскемен Ала бұлтты, қар жауып, боран соғады, көктайғақ байқалады. Түнде де, күндіз де –2…–4°C.
Айта кетейік, бұған дейін синоптиктер еліміздің басым бөлігінде қолайсыз ауа райы болатынын ескерткен еді.