АСТАНА. 23 наурыз. Якутия-Саханың қала мэрі сайлауында жүргізуші жігіт «Единая Россия» партиясының өкілінен көп дауыс жинап, жеңіске жетті. Бұл туралы ВВС хабарлады.
«Якутияның Нижнеянск қаласының басшысы орынтағы үшін болған таласта өзін өзі ұсынған жүк тиекші машинаның жүргізушісі Герман Коровин ұтып кетті», - деп мәлімдеді радиостанса тілшісі.
«Коммерсантъ» газеті хабарлағандай, қызық болғанда, шофер жігіт өзіне бәсекелес болған тікелей бастығы, «Единая Россия» партиясының өкілі Владимир Кричиннен бар болғаны бір дауысты артық алып, таразы басын өзіне аударып әкеткен.
Наурыздың 15-і күні өткен сайлауға қатысуға құқы бар адамдардың 75 пайызы, яғни 161 сайлаушы келген.
Нижнеянск – Якутиядағы қала типтес кент, аудан орталығы.
Мұрат Айтқожа.