Нейробиологтердің айтуынша, адам миының эволюциясында жаңа кезең басталды. Жасанды интеллект дәуірінде дүниеге келіп, сонымен бірге өсіп жатқан балалардың ойлау жүйесі алдыңғы буынға енді ұқсамайды.
Олар ақпаратты жаттауға емес, оны жылдам табуға, тексеруге, өзара байланыстыруға бейімделіп келеді. Яғни кейінгі ұрпақтың миы жаңа ортаға икемделіп, өзгере бастады. ЖИ-мен өскен балалар дайын жауапты қабылдауға емес, сұрақ қою арқылы ойлауға дағдыланып жатыр. Олар кез келген мәліметке күмәнмен қарап, салыстыруды, тексеруді ерте жастан үйренеді. Сонымен қатар күнделікті жұмыстарды технологияға тапсыра отырып, өз назарын мән іздеуге, идея қалыптастыруға, шығармашылық ойлауға бағыттайды. Нейробиологтер ЖИ-дің кесірінен ендігі балалар жалқау, ойсыз болады деген қорқыныш орынсыз деп отыр.