• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Заң 13 Қаңтар, 2026

Пәтеріне 109 адамды тіркеген алматылық жазаланды

30 рет
көрсетілді

Алматы қаласының прокуратурасы сыйақы алу мақсатында бір бөлмелі пәтеріне нақты тұрмайтын 109 адамды тіркеп, заңсыз көші-қон ұйымдастырған тұрғынды анықтады, деп жазады Egemen.kz.

Пәтердің иесіне қатысты Қылмыстық кодекстің 394-бабы (заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) бойынша іс тіркелді. Ол сот үкімімен бір жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына сотталды.

Алматы қаласының прокуратурасы азаматтарды көші-қон заңнамасының талаптарын қатаң сақтауға шақырып отыр. 

Ел мүддесіне сай жаңа көші-қон саясаты

Айта кетейік, елімізде 2030 жылға дейінгі көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасы әзірленді.

Сондай-ақ Астанада көші-қон заңнамасын бұзған 40-қа жуық адам жауапқа тартылды.