АСТАНА. 24 наурыз. Екі күннен бері бірқатар шет елдік хакерлер т Қазақстан интернет-ресурстарына жаппай шабуыл жасап жатыр. Бүгін түс ауа осындай шырғалаңға түсе бастаған сайттар саны 14-ке жетті. Бұл туралы ras.kz хабарлады.
Интернет мамандары сонымен бір мезгілде бұл шабуылға қосылушы хакерлер санының да арта бастағанын айтады. Біз бұдан бұрын Түркия мен Әзербайжанның, сондай-ақ Иран мен Бразилияның азаматтары хакерлік жасап жатқандарын мәлімдеген едік. Кейін олардың қатары Албания, Сауд Арабиясы, Сирия және әзірге аттарын анықталмаған тағы бірнеше мемлекеттің өкілдерімен толыққаны белгілі болды.
«Түркия, Әзербайжан, Иран, Албания, Сауд Арабиясы, Бразилия, Сирия және бірнеше мемлекеті белгісіз хакерлер қазақстандық сайттарға қырғидай тиюде. Қазір шабуылға тап болған сайттардың саны 14-ке жетіп отыр», - делінген хабарламада.
Осы жағдайды қазір «Егемен Қазақстан» газетінің веб-бағдарламашысы Өркен Мұсабекұлы мұқият қадағалап отыр. Ол интернет-ресурсты шабуылдан сақтап қалудың барлық шаралары қарастырылып жатқанын жеткізді.
«Хакерлер шабуыл барысында сайттың негізгі бетіне ғана өзгерістер жасаған, сайттың мәліметтер базасында ешқанда өзгеріс жоқ. Осыған қарағанда, олар тек өздерінің мықты екенін көрсету мақсатында шабуылдарды ұйымдастырған сияқты. Хакерлер негізінен wordpress-тің PHP олқылықтары арқылы FTP ішіндегі .htaccess файлына өзгеріс жасап, FTP басқару құқығына ие болған, сосын браузер FTP қосымшасы арқылы өзі қалаған беттерді сайттың INDEX.PHP файлымен ауыстыру арқылы мақсатына жеткен», - дедп атап көрсетті Өркен Мұсабекұлы өзінің сөзінде.
Мұрат Айтқожа.
Хакерлер шабуылына ұшыраған қазақстандық сайттар тізімі
Сайттар
Шабуыл жасаушылар
Мемлекеттер
http://www.fmk.kz/
Erfan Nikotin
Iran
http://moldas.kz/
Ho3!en-Mojazat
Siyahi
http://gad.kz/
angarali
Turkish
http://ddv.kz/
dionzz
ALbanian
http://www.asyl-tulik.kz/
S3N4T0R
Azerbaijan
http://www.puppet.kz/
Bl00dy
Белгісіз
http://www.kazbrand.kz/
Siteye Erisim
Turkish
http://www.moib.kz/
Yaramazadam
Белгісіз
http://www.kibris-premier-estate.kz/
HighTech
Brazil
http://www.hc.kz/club/
HEXB00T3R
Turkish
http://mekenbayeva.kz/
Banzell
Turkish
http://www.tiensmed.kz/
MS13
Белгісіз
http://akkum-but.kz/productiont/hacked-crazy-hacker
CrAzY
Saudi Arabia
http://kalkamansarin.kz/
simpleS
Белгісіз