Швеция инженерлері қоршаған ортаны тазалауға бағытталған ерекше «Corvid Cleaning» стартап технологиясын ұсынды. Компания құстарға дәнді дақылдарды қоқысқа айырбастайтын ақылды жемсауыттар әзірледі.
Жүйе темекі тұқылдарын және бөтелке қақпақтарын дәл танып, қабылдай алады. Ал тастарды, бұтақтарды немесе жапырақтарды қоқыс ретінде өткізу мүмкін емес. Осылайша, құстардың жүйені алдауына жол берілмейді. Жобаның негізгі пайдаланушылары – қарғалар. Бұл құстардың зеректігі жоғары әрі бір-бірінен тез үйрену қабілеті бар. Мамандардың пікірінше, бұл бастама ортаны тазалауға ғана емес, жануарлардың танымдық қабілетін зерттеуге және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға да үлес қоса алады.