• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
25 Маусым, 2015

Бізді шыңдаған кедендік және экономикалық кеңістік

301 рет
көрсетілді

Осыдан 20 жылдай уақыт бұрын маған: «Сіз қандай мақ­сат­­­­­­­пен өнім өндіруді жоспар­ладыңыз?» – деген сұрақ қойылып еді. Сонда мен: «Халықаралық стандарт­тар деңгейіне сай ке­ле­тін жо­ғары сапалы өнім да­йында­­­ғы­мыз келеді», – деген болат­ын­­­мын. Мақсат жүзеге асты. Тәтті­лер өндірісін іске қосу жеке кәсіп­керліктегі негізгі стратегия­лық мақсатыма айналды. Әрине, еліміздің ДСҰ-ға енді ғана қосылуы – асықпай ойлануды қажет еткен болар. Әйтпегенде, халықаралық қоғамдастыққа ұсынатын өнімдері де, одан алатын тауарлары да жетеді. Енді біздер бұл ұйымның өз талап-қағидаттарын орындауымыз керек. Тауарларды кәсіпкерлеріміз өте сапалы арзан бағаға өндіре білуді үйрене білулері керек деген сөз. Яғни, кім өз тауарын арзан, сапалы етіп өндіре алса, халық­­аралық саудада жолы болады. ДСҰ дегеніміз – бүкіл әлем үшін аса пайдалы халықаралық ұйымның бірі. Сауда заңдылық­тарына бейімделуіміз керек. Бұл еліміздің өркендеуіне, кәсіп­керлердің арасында бәсекеге қабі­леттіліктің арта түсуіне, тұты­нушылардың арзан да сапалы тауар алуларына ашылған жол. Мысалы, біз кондитер цехын іске қосқаннан соң 1999 жылы жасаған өнімдерінің өтімділігін қамтамасыз ету үшін кешенді дүкендер құрылысын бастадық. Қазір тұтынушы сұранысында шек жоқ. 2003 жылы екінші кондитер цехы бой көтерді. Автодүкендер сатып алынды, қаланың әр жерінде тәттілерді саудалайтын орындар жасалды. Ал 2006 жылы «Крендель» ЖШС СТ ИСО 9001 талаптарына сәйкес сапа менеджментін иеленді. Бұл тәттілер өнімдерін саудалауда еліміздің ішкі нарығына шығуға мүмкіндік берді. Келесі 2007 жылы кофе ішетін арнайы дүкен кеңейтіліп, ішінен VIP-зал және балаларға арналған алаң, 2009 жылы «Кабачок 115» атты жаңа кафе ашылды. Бұларда сатып алушылар мен тапсырыс берушілер талабына орай сапалы өнімдерді саудалауда жоғары ілтипатты қызмет көрсетіледі. Екінші, сапалы өнімдер жасау үшін – кәсіпорынға жаңа жаб­дықтар, жаңа заманауи технологиялар алынды. Технологияларды қолдана отырып жоғары сапалы кондитер және ұннан дайын­дал­ған бұйымдар жасалады. Біздің «Крендельде» негізінен 500-дей қыз-келіншек жұмыс жасайды. «Крендельдің» технолог маман қыз-келіншектері күн сайын жаңа торттар, бәліш, печенье, тоқаштардың неше түрлерін ойлап табады. Тіпті, олардың фор­­масын күн сайын өзгертіп, құл­пыр­тып отырады десе де болар. Бүгінгі күнде «Крендель» тәтті­лердің 300-дей түрін дайындайды. Цехтарда жаңа автоматтық желілерде – неше түрлі өнімдер жаса­лынуда. Бұл өнімдерді еліміз­дің басқа өңірлеріне, Ресей нары­ғына шығаруға мүмкіндік берді. Жыл сайын кондитерлер мен аспазшылар жақын және алыс шетелде біліктіліктерін арттырудан өтеді. Тәжірибе алмасу үшін ТМД елдерінен, Еуропадан, Азиядан, АҚШ-тан мамандар шақырылады. Былтыр жалпы көлемі 760 кв.м тағы да бір жаңа кондитер цехын, жалпы көлемі 500 кв.м кондитер бұйымдары дүкенін аштық. Әрине, әлемдік экономика мен әлемдік сауданың ғаламдық еркін нарығына қосылу, оған ілесіп кету бәрімізге үлкен талаптар, міндеттер жүктейді. Бұл талаптан ешкімнің шет қалмасы анық. Сондықтан, осы жолғы Үндеуінде Елбасы айтқандай, бұл жол кәсіпорындарымыздың шетел нарықтарына шығуын қамтамасыз етеді. Бұдан бұрын бізге, отандық тауар өндіру­ші­лерге қолдау көрсетіліп, бизнес әлеміне жағдай жасалды. Кедендік және экономикалық кеңістікте де жұмыс жасадық. Бізді, кәсіпкерлерді Елбасы осылай шыңдады. Үнемі қолдау көрсетті. Енді, міне, басқаша ғаламдық бәсекеге сай жұмыс жасайтын уақыт келді. Елбасы айтқандай, бұл біздің еліміздің қолынан келеді деп сенемін. Зинаида ПАРХОМЕНКО, «Крендель» ЖШС директоры. ПАВЛОДАР.