• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ауа райы Бүгін, 09:17

Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар жауады

16 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК 28 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялап, еліміздің басым бөлігінде қар жауатынын айтты, деп жазады Egemen.kz.

Астанада көшпелі бұлт шығып, қар жауады деп болжанған. Түнде ауа температурасы -25…-27°C, күндіз -15…-17°C шамасында болады.

Алматыда да күн райы бұлттты болып, қар аралас жаңбыр жауады. Түнде сынап бағанасы -3…-5°C, күндіз +1…+3°C-ты көрсетеді.

Шымкентте қар аралас жаңбыр жаууы ықтимал. Ауа температурасы түнде және күндіз 0…-2°C болады. 

Ақтауда көшпелі бұлт шыққанмен, жауын-шашын болмайды. Түнде ауа температурасы -12…-14°C, күндіз 0…-2°C.

Ақтөбеде жауын-шашынсыз күн райы болжанған. Түнде ауа температурасы -26…-28°C, күндіз -13…-15°C. 

Елімізде аяз күшейіп, қалың қар жауады

Атырауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Түнде ауа температурасы -18…-20°C, күндіз -8…-10°C. 

Жезқазғанда көшпелі бұлт шығады, десе де жауын-шашын жаумайды. Түнде ауа температурасы -11…-13°C, күндіз -7…-9°C. 

Көкшетауда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз күн райы болжанған. Түнде ауа температурасы -28…-30°C, күндіз -10…-12°C. 

Қарағандыда жауын-шашын болмайды. Түнде ауа температурасы -14…-16°C, күндіз -9…-11°C. 

Қонаевта қар аралас жаңбыр жауады. Түнде ауа температурасы -4…-6°C, күндіз 0…-2°C.

Қостанайда көшпелі бұлт шыққанмен, жауын-шашынсыз болады. Түнде ауа температурасы -27…-29°C, күндіз -12…-14°C.

Қызылордада күн бұлтты болып, қар жауады. Түнде ауа температурасы -6…-8°C, күндіз -2…-4°C шамасын көрсетеді.

Жел, боран және көктайғақ: Алдағы үш күнде ауа райы қалай құбылады?

Оралда көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы -23…-25°C, күндіз -15…-17°C.

Өскеменде де қар жауады. Түнде ауа температурасы -13…-15°C, күндіз -8…-10°C.

Павлодарда көшпелі бұлт болғанмен, жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы -28…-30°C, күндіз -19…-21°C.

Петропавлда көшпелі бұлт шығып, қар жауады. Түнде ауа температурасы -27…-29°C, күндіз -13…-15°C.

Семейде жауын-шашынсыз ауа райы болжанған. Түнде ауа температурасы -16…-18°C, күндіз -10…-12°C.

Талдықорғанда қар жауады. Түнде ауа температурасы -5…-7°C, күндіз -1…-3°C.

Еліміздің 15 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Таразда көшпелі бұлт шығып, қар аралас жаңбыр жауады. Түнде ауа температурасы -1…-3°C, күндіз + 5… + 7°C.

Түркістанда көшпелі бұлт шығып, қар аралас жаңбыр күтіледі. Түнде және күндіз ауа температурасы -1…+1°C