• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
25 Маусым, 2015

Елбасы Екібастұздық жұмысшы азаматшаның хатына жауап жазды

317 рет
көрсетілді

АСТАНА. 25 маусым. «Екібастұз МАЭС-2 станциясы» акционерлік қоғамының жанармай құю машинисі Галина Михнованың Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа жазған хатына Елбасының өзі жауап берді. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады. Қала тұрғыны Галина Михнова хатында өзі жайлы айта келе, Мемлекет басшысын кезектен тыс Қазақстан Республикасының Президенті сайлауындағы жеңісімен, сондай-ақ алда келе жатқан туған күнімен құттықтады. «Мен Қазақстанда туып-өскеніме, осы жерде тұрып жатқаныма өзімді бақытты санаймын. Екібастұз МАЭС-інде жанармай құю машинисі болып жұмыс істегеніме 20 жылдан асты. Сіз көптеген жылдар бойы біздің Президентіміз болып келе жатқаныңызды мақтан тұтамын. Сіздің көреген басшылығыңыздың арқасында біз бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп келеміз», – деді. Сондай-ақ, ол Мемлекет басшысына деген ілтипатын өлең жолдары арқылы жеткізді. «Быть нашим Президентом Вам свыше суждено. И столько лет быть Лидером не каждому дано. Испытывает гордость за Казахстан народ, Дружнее и богаче стал казахстанский род!». Ал Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жауап хатын Павлодар облысы әкімі аппаратының құжат айналымын қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің жетекшісі Жанат Хамметов Галина Михноваға табыс етті. Хатқа: «Құрметті Галина Васильевна! Хатыңызда көрсеткен жылы лебізіңізге және менің қызметіме арнаған өлең жолдарыңыз үшін рахмет айтамын. Екібастұз қаласының және Сіз қазір жұмыс істеп отырған станцияның қалыптасуы менің қатысуыммен өтті. Бұл өндіріс алыптары – Қазақстанның мақтанышы. Өзіңізбен бірге жұмыс жасайтындарға сәлемімді жеткізіп, игі тілегімді қабыл алыңыз», – деп жауап жазды Мемлекет басшысы. Талғат Райымбек. Дерек, сурет: «ҚазАқпарат».