• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Теннис Бүгін, 17:13

Елена Рыбакина Абу-Дабидегі турнирден бас тартты

10 рет
көрсетілді

Қазақстан теннисшісі Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатындағы (Australian Open) тарихи жеңісінен кейін алдағы жоспарлары туралы ой бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Кеше өткен баспасөз мәслихатында Рыбакина Мельбурнда қалмайтынын айтты. Қазақстан спортшысы Абу-Дабиде (БАӘ) өтетін WTA 500 санатындағы турнирге қатыспайтынын, 1-7 ақпан аралығында өтетін жарыстан ресми түрде бас тартқанын айтты. Айта кетейік, бастапқыда Елена Рыбакина бұл турнирде бірінші нөмірмен тіркелген болатын.

Еске сала кетейік, күні кеше Елена Рыбакина Australian Open-2026 турнирінің жеңімпазы атанды. Ол финалда Беларусь өкілі, әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенконы тартысты кездесуде үш сетте жеңді – 6:4, 4:6, 6:4.

Мемлекет басшысы Елена Рыбакинаны жеңісімен құттықтады

Осылайша, Елена Рыбакина 2022 жылғы Уимблдоннан кейін «Үлкен дулыға» турнирлеріндегі екінші чемпиондық атағын иеленді.

Соңғы жаңалықтар