ТАРАЗ. 25 маусым. Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Абдалы Нұралиев облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Абдалы Нұралиев 1959 жылы туған. 1981 жылы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын инженер-механик мамандығы бойынша бітірген, техника ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолын 1981 жылы Торғай облысының Жақсын элеваторында шебер болып бастаған. 1983-1987 жылдары Челгашинский элеваторының бас инженері, 1987-1988 жылдары Державинский элеваторының директоры, 1988-1989 жылдары Челгашинский элеваторының директоры, 1989-1996 жылдары Бурный астық қабылдау кәсіпорнының директоры, 1996-2001 жылдары «Алтын дән» АҚ-ның президенті, 2001-2003 Жуалы ауданы әкімінің орынбасары, 2003-2007 жылдары Байзақ ауданының әкімі, 2007-2012 жылдары Т.Рысқұлов ауданының әкімі қызметтерін атқарған.
2012 жылдың қыркүйегі мен 2015 жылдың маусымы аралығында Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы қызметін атқарып келді.
Оралхан Дәуіт.
Дерек, сурет: egemen.kz.