• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
13 Тамыз, 2015

Ұлттық Банк хабарлайды, түсініктеме береді, түсіндіреді

489 рет
көрсетілді

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттары, регламенттері

Ұлттық Банк мемлекеттік көрсетілетін қызметтің 55 түрін ұсынады, оның ішінде 45-і электрондық/қағазда және 10-ы қағаз нысанында болады

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді Ұлттық Банкте, оның аумақтық филиалдарында, сондай-ақ заңнамаға сәйкес «электрондық үкімет» веб-порталында алуға болады. Республиканың кез келген нүктесінен egov.kz-ке өтініш жасалған жағдайда, көрсетілетін қызметтерді алушыдан компьютерде жұмыс істеу дағдыларын меңгеру және сұрау салу беру ғана талап етіледі. Қызмет көрсетуді ұсынудың электрондық нысаны жағдайында көрсетілетін қызметтерді алушы электрондық немесе қағаздағы құжатты, не «электрондық үкімет» ақпараттық жүйесінен мәліметтер алады. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің талаптары мен тәртібі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартымен және регламентімен белгіленеді. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы бірнеше арна бойын­ша білуге болады. Бірінші кезекте көрсетілетін қызметті берушілер орналасқан орындарда; egov.kz веб-порталында, орталық мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында, БАҚ арқылы. Сондай-ақ, ақпаратты Бірыңғай байланыс орта­лығына хабарласып алуға болады. Жаңа редакциядағы мемле­кеттік көрсетілетін қызметтер тізі­лімі. ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 қаулысымен бекітіліп, ҚР Үкіметінің 2015 жыл­ғы 9 ақпандағы №45 қаулы­сымен жаңа редакцияда баян­далған. Тізілімде ҚР ҰБ-ның мемлекеттік көрсе­тілетін қызмет­тер туралы ақ­парат қамтылған, онда мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кімге бағ­дар­ланғаны, мемлекеттік көр­се­тілетін қызмет­тің нысаны айқындалған. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет­тердің стандарттары. Стандартта мемлекеттік көрсе­­­тілетін қызметтерге талаптар бел­гі­ленген, сондай-ақ үдеріс сипа­т­­­­тамасы, нысаны және оны көр­сету­дің мазмұны мен нәтижесі енгізілген. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің паспорты. Бұл шағын бөлімде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қыс­қаша сипаттамасы берілген: оны алушы кім болып табылады; қызмет көрсету орны, құны, қызмет берушінің жұмыс кестесі, көрсету мерзімі, нысаны мен нәтижесі. Сондай-ақ, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартына сілтеме орналастырылған, онда осы мәселе бойынша қызмет берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының ҚР ҰБ-ның шешімдеріне, іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым түсіру тәртібі ашылып көрсетіледі. Мемлекеттік көрсетілетін қыз­меттердің регламенттері. Регламенттерде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің үдері­сіне қатысушы қызметкерлердің, құрылымдық бөлімшелердің іс-әрекет ету тәртібі қамтылып, айқын сипатталған. Бизнес-үдерістердің анықта­малықтары. Онда мемлекеттік көрсетілетін қызметтер үдерісінде қызмет беру­шінің дәйекті іс-әрекеті егжей-тегжейлі сипатталған. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру. Бөлімде автоматтандырылған мемлекеттік көрсетілетін қыз­мет­тер туралы ақпарат бар, онда egov.kz веб-порталының «жеке кабинетінен», сондай-ақ http://elicense.kz/ сайтында электрондық/қағаз нысанда көрсетілетін қызметтер тізілімін алуға болады. Статистикалық ақпарат. Мұнда көрсетілген мемле­кеттік қызметтердің саны бойын­ша мәліметтер, белгіленген мер­зімдері бұзыла отырып көрсе­тілген қыз­меттер статистикасы; есепті кезең­дер аралығындағы шағымдар саны ұсынылған. Байланыс телефондары: Бөлімде мемлекеттік қыз­мет көр­сететін ҚР ҰБ-ның бөлімше­лерінің, сондай-ақ оның аумақтық филиалдарының байланыс мәлімет­тері бар. Мемлекеттік қызметтер көр­се­ту мәселесі бойынша ҚР ҰБ қызметі туралы есеп. Есепте қызмет алушының жұмы­сы бойынша, қызмет көрсе­ту үдерістерін жетілдіру бойын­ша қызмет, оның сапасын бақылау бойынша ақпарат берілген. Мемлекеттік көрсетілетін қыз­меттер туралы заңнамаға сәйкес оны көрсету мәселесі бойынша қызмет туралы есепті орталық мемлекеттік органдар egov.kz веб-порталында, БАҚ-тағы интернет-ресурстарда жыл сайын орналас­тырады. Сондай-ақ, www.egov.kz пор­­­талының «Бизнес үшін мем­ле­кеттік көрсетілетін қыз­меттер» қосымшасына мемле­кеттік көр­сетілетін қызметтер стандарттары туралы ақпарат және оны көрсетудің тәртібі орналастырылған. Қызмет алушы мемлекеттік қызмет көрсетуді алу кезінде өз құқығын білуге және оның орындалуын талап етуге тиіс. Бұл тізбеде мемлекеттік қызмет көрсету туралы толық және анық ақпаратты өтініш жасап алу құқығын растайтын тармақ бар; Стандартқа сәйкес сапалы қызмет көрсетуді алу. Тізбеде қызмет берушінің шешіміне, іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) ша­ғым жасау құқығы қамтылған; мемлекеттік қызмет көрсету сала­сында бұзылған құқығын, бостан­дығы мен заңды мүдделерін қорғау туралы талаппен сотқа дейін жүгіну. Сондай-ақ, қызмет беруші стан­дартқа және регламентке сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге; мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін қажетті жағдай жасауға; қолжетімді нысанда оны көрсету тәртібі туралы толық және сенімді ақпарат беруге міндетті. Ол, сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету үшін (ақпараттық жүйелердің ықпалдасуы арқылы) қажетті құжаттар мен ақпаратты ұсынуға тиіс; оны қараудың нәти­желері туралы қызмет алушылардың шағымдарын қарауға және хабардар етуге және сауалы бойын­ша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің орындалуы туралы хабарлап, қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын, бостан­дықтары мен заңды мүдделерін қалыпқа келтіруге бағытталған шаралар алуға міндетті. Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылып, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтер алуға жазбаша келісім алуға да міндетті. Назиля БИКМАЕВА, Ұлттық Банктің Мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылау басқармасының  бас маман-экономисі.

Банк қарызды есептен шығаруға құқылы

«Жақында менің жалақы картамды банк оқшаулап тастады. Өйткені, мен кредит бойын­ша борышкер болып шықтым. Содан кейін қарызымның сомасын есептен шығарды. Екінші деңгейдегі банктер клиенттердің шоттарын оқшаулауға құқығы бар ма, атап айтқанда, жалақы түсетін карточкалық шоттарды. Сондай-ақ, одан толық көлемде ақшаны есептен шығаруға құқылы ма? Николай Е., Алматы облысы». «Қазақстан Республика­сын­дағы банктер және банк қызметі туралы» Заңның 36-бабына сәйкес банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындау мерзімінің өтуі басталған кезде банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым) қарыз алушыны банктік қарыз шартында көзделген әдіспен банктік қарыз шарты бойын­ша төлемдерді төлеу қажеттігі туралы және қарыз алушының өз міндеттемелерін орындамауының салдарлары туралы хабардар етуге міндетті. Осылайша, жоғарыда көрсетілген хабарламадан туындайтын талаптар қанағаттандырылмаған кезде банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым) қарыз алушыға қарыз алушының кез келген банк шоттарындағы ақшаны даусыз (акцептсіз) тәртіппен өндіріп алуға (егер мұндай өндіріп алу банктік қарыз шартында ескертілген болса) құқылы. Бұл жағдай қарыз алушының талап етуі бойынша ашылған банк шоттарындағы мемлекеттік бюджеттен және Мем­лекеттік әлеуметтік сақтан­дыру қорынан төленетін жәрдемақылары мен әлеуметтік төлемдер түрін­де алатын ақшаға қатысты қолда­нылмайды. «Ақша төлемі мен аударымы туралы» Заңның 13-бабына сәйкес банктер ақша жөнелтушінің акцептін талап етпейтін төлемдік талап-тапсырманы жасалған банктік қарыз шартына, кредиттік желі ашу туралы келісімге немесе қарыз операциясының не ке­пілдік беру фактісін растайтын өзге де құжатқа сәйкес қарыз алушының қарыз бойынша мерзімі өткен берешегі болған жағдайда, берешекті қа­рыз алушыдан, кепілгерден өндіріп алу үшін қолданады және ақша жөнелтушінің өз банк шотынан ақшаны акцептсіз алып қоюға келісімі бар құжаттар қоса тіркеліп, ақшаны жөнелтуші банкке береді. Төлемдiк талап-тапсырмаларды пайдалана отырып төлем жасаған кездегi құқықтар мен мiндеттер ақша жөнелтушiнiң банкiне оны ұсынған кезден бастап туындайды. Ақша жөнелтушiнiң банкi төлемдiк талап-тапсырманы алған күннен кейiнгi жұ­мыс күнiнен кешiктiрмей, ақша жөнелтушi банкке ақша жөнел­тушiнiң акцептiн талап етпейтiн төлемдiк талап-тапсырма қойылған жағдайларды қоспағанда алынған төлемдiк талап-тапсырманы ақша жөнелтушiге акцептеуi үшiн беруге тиiс. Ақшаны жөнелтушi төлемдiк талап-тапсырманы алғаннан кейiн оны акцептеуге не оны акцептеуден дәлелдi түрде бас тартуға тиiс. Төлемдiк талап-тапсырманы ақша жөнелтушi не ақша жөнелтушi банк акцепттеген жағдайда, егер талап-тапсырма ақша жөнелтушiнiң акцептiн талап етпесе, төлемдiк талап-тапсырманы жiберушiде оны орындау жөнiнде талап ету құқығы пайда болады. Өз кезегінде алушы банк (клиент­тің банк шоты ашылған банк) 179-нұсқаулықтың 116-тар­мағына сәйкес төлемдік талап-тапсырманы орындау үшін қажетті ақша сомасы жөнелтушіде болмаса не ақша сомасы жеткіліксіз болса, алушы-банк ақша жөнелтушінің акцептің талап етпейтін төлемдік талап-тапсырманы және ақша жөнелтуші акцептеген төлемдік талап-тапсырманы алған күннен бастап бір жыл ішінде сақтайды. 179-нұсқаулықтың 117-1-тар­мағына сәйкес, осы Нұсқаулықтың 116-тармағында көрсетілген төлем құжаттарын картотекаға қою кезінде банк картотекадағы төлем құжаттары бойынша міндеттемелерді толық өтегенге дейін банктік шот бойынша клиенттің шығыс операцияларын тоқтатады. Осы арада түсіндіре кетейік: Төлем тапсырмаларды, төлемдік талап-тапсырмаларды, инкассалық өкімдерді ресімдеу, пайдалану және орындау жөніндегі нұсқаулық ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 25 сәуірдегі №179 қаулысымен бекітілді. Осылайша, банк-алу­шы клиенттің төлем талап-тапсырмаларын банктік шот­қа қою кезінде және аталған шотта ақшаның болмауы жағ­дайын­да заңнама нормаларын басшылыққа ала отырып, төлем талап-тапсырманы орындау үшін қажетті жинақталған сомаға дейін шот бойынша шығыс операцияларын тоқтатады.

Сайт көмекке келеді

«Мен банктің маған қойған борыш сомасымен келіспеймін. Ұлттық Банк банктің қарыз алушыларға өтеуге ұсынған бере­шегі есебінің дұрыстығын тексере ала ма?  Сондай-ақ, ай сайын­ғы төлем мөлшерін, өсімпұл­ды, сыйақыны, комиссияны, сый­ақының жылдық тиімді мөлшер­лемесін тексере ала ма? (СЖТМ) Бауыржан К. Алматы». Ұлттық Банк туралы ереженің мазмұнына сәйкес, оның функцияларына берешек есебінің нақтылығына тексеру жүргізу кірмейді. №377 қаулымен СЖТМ-ның шекті мөлшері 56% мөлшерінде бекітілген, ол банктік қарыз шартын жасау сәтінде, сыйақы мөлшерлемесін өзгерткен және (немесе) жаңа комиссияларды және өзге төлемдерді өзгерткен немесе енгізген кезде өспеуге тиіс. Бұдан басқа, қарыз алушы өз міндеттемелерін тиісінше орын­дамаған жағдайда, банктер міндеттемелерді уақтылы орын­дамағаны үшін тұрақсыздық төлемін ұстап қалуға құқылы. Бұл жағдайда «Банктер туралы» Заңның 35-бабының 2-тармағымен жеке тұлғаларға қарыздар бойынша шектеу белгіленген, соған сәйкес тұрақсыздық төлемінің мөлшері мерзімін ұзартудың әр күні үшін мерзімі ұзартылған төлем сомасынан 0,5 пайыз артпауға, бірақ банктік қарыз шарты іс-әрекетінің әр жылы үшін берілген қарыз сомасынан 10%-дан аспауға тиіс. ҚР ҰБ сайтында (http://nationalbank.kz) СЖТМ есебінің калькуляторы және дифферен­циалды және аннуитетті әдіс­пен ай сайынғы төлем есебі орналастырылғанын атап өтеміз, оның көмегімен қарыз алуға дейін ай сайынғы төлем және қарыз бойынша СЖТМ мөлшерін алдын ала есептеуге болады.

Тиімді қарыз алудың бес қадамы

Кредит алу белсенділігі қай­­­тадан арта түсуде. Қазақ­стандықтар сұратылатын сомаларды өздерінің төлем қабілет­тіліктерімен өлшемей, банктерге кредит алу үшін барады. Ұлттық Банк бұл орайда қарыз алушылар үшін ұсынымдар әзірледі. Енді оны осы мәселе бойынша сауатты түрде шешуге болады. 1-қадам. Кредит арқылы сатып алуға қауқарыңыз жететініңізге сенімді болыңыз. Кредитке қызмет көр­сетуге байланысты барлық тәуе­келдерден артып түсетін тауар сатып алуға қажет­­тілігіңізге ал­дын ала сенімді болуыңыз қажет. Өзіңіздің қар­жылық мүм­кіндігіңізді бағалап, отба­сылық бюджетке салмақ түсір­мейтін қарыз бойынша тұрақты төлем алуыңызға сенімді болғаныңыз жөн. Оңтайлы нұсқа – ай сайынғы төлем отбасылық бюджеттің 20%-нан аспауы керек. Қарыз алушының кірісінен 50% деңгейіндегі банктер қол­жетімді және қолайлы болады. Ықтимал қарыз алушының бюд­жетін есептеуге мына сілтеме бойынша ҚР ҰБ сайтында ор­налас­тырылған калькулятор көмектеседі: http://nationalbank.kz/?docid=1386&switch=russian. 2-қадам. Кредит берудің ең қолайлы шарттарын табыңыз. Бірнеше банктерде қарыздар берудің шарттарын зерделеңіз. Мыналарға назар аударыңыз: Кредит беру мерзімі; Ай сайынғы төлем мөлшері және төлемнің қорытынды сомасы; Қарыз бойынша сыйақы мөл­шерлемесі; Сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі. СЖТМ мөлшері неғұрлым аз болса, кредит беру шарты соншалықты тиімді болады. Банктік қарыз шартын жасау сәтінде СЖТМ 56%-дан артпауға тиіс. Есеп жасауға мына сілтеме бойынша калькулятор көмектеседі: http://nationalbank.kz/?docid=1382&switch=russian; Қарыз шарты бойынша мін­дет­темелерді бұзғаны үшін айып­пұл санкцияларының мөл­шері. Тұрақсыздық төлемі мерзімі ұзартылған әр күн үшін мерзімі ұзар­тылған төлем сомасынан 0,5% артпауға тиіс. Банктік қарыз шарты. Банк шарттың үлгілік нысанының көшір­месін танысу үшін ұсынуға міндетті. 3-қадам. Банктің тарихын және беделін зерделеңіз. Банкте кредит беруге уәкілетті органның лицензиясы болуға тиіс. Ең дұрысы қарызды беделі жоғары банктен алу керек. Бірақ, бұл жағдайда, дамушы банкке қарағанда, әдеттегідей, кредит беру шарты қатаңырақ болады, онда клиент базасы қашанда сақталады. 4-қадам. Қарыз бойынша мін­деттемелерді мерзімінде орындаңыз. Қарыз бойынша төлемді мерзі­мінен бұрын 2-3 күн ішінде енгізіңіз, бұл күтпеген жағдайларда сіздің қауіп­сіздігіңізді сақтайды (демалыс және мереке күндері, банк жүйесінде іркіліс болғанда және басқа жағдайларда), ондай жағдайда берешектің мерзімі ұзарып кетуі мүмкін. 5-қадам. Кездейсоқ жағдайға байланысты банк ұсынымын алыңыз. Күтпеген жағдайлар туындаған кезде (жұмыстан айырылғанда, кенеттен ауырғанда және басқалар) қарыз алушы берешегін қайта құрылымдау үшін банкке өтініш жасағаны жөн. Қарыз алушының ипотекалық қарыз жасаған банкпен сындарлы сөзбай­ласуы бол­мауы жағдайында, банк омбудсменіне мына мекенжай бойынша жүгінуге құқылы: 050000, Алматы қ., Республика алаңы, 15-үй, 237-офис немесе несие алу орны бойынша ҚР ҰБ-тың аумақтық филиалдарын­да. Олардың мекенжайлары мына сайт­та көрсетілген: www.nationalbank.kz. Сондай-ақ, шағымды омбуд­сменнің мына электрондық мекенжайларына жіберуге болады: www.bank-ombudsman.kz,  office@bank-ombudsman.kz немесе телефондар бойынша қоңырау шалыңыз: +7 (727) 2 500 322; 2 500 344; +7 707 407 0117.

Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында

Алматыдағы Әйтеке би көшесі, 67-үй мекенжайында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қоғамдық қабылдау бөлмесі ашылды. Мұнда күн сайын сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін (үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін) Ұлттық Банктің мамандары қаржылық қызмет көрсетуге байланысты азаматтарды, заңды тұлға өкілдерін, жеке кәсіпкерлерді қабылдауды жүргізеді. Атап айтқанда, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселесі бойынша кеңес беріліп, банк­тік, сақтандыру, зейнетақы сала­ларындағы, сондай-ақ баға­лы қағаздар нарығындағы қолданыстағы заңнама нормалары түсіндіріледі. Қоғамдық бірлестіктердің өкілдерімен бірлесіп екінші деңгейдегі банк­тердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың өкілдерімен проблемалық қарыз алушылардың кездесуін ұйымдастыру көзделген. «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңына сәйкес істің мәнісі бойынша оларды одан әрі қарауды қамтамасыз ету және өтініштерді қабылдау жүзеге асырылады. Қаржылық қызметті тұтынушы – басқа өңірлердің тұрғындары Ұлттық Банктің аумақтық филиалдарында қаржы ұйымдарын бақылау және қаржы қызметінің тұтынушылары құқығын қорғау бөлімдеріне құқықтық көмек алу үшін өтініш білдіре алады. Ұлттық Банктің қоғамдық қабылдау бөлмесі мен бөлімдері қаржылық қызмет тұтынушыларының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды тиісті деңгейде қамтамасыз етуге ұмтылып, қаржылық қызмет көрсету/тұтыну және микроқаржылық қызметтер, аталған қызметтер тұтынушыларының құқығын қорғау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Сондай-ақ, олардың құзыретіне жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштер бойынша қызметтер туралы ақпаратты ашу және қызмет көрсету кезінде құжаттамалық белгіленген талаптарды орындау бойынша қаржы нарығының субъектілері мен микроқаржылық ұйымдардың қызметін жоспардан тыс және құжаттамалық тескеру кіреді. Ұлттық Банктің аумақтық филиалдарының байланыс мәліметтері: Филиал Т.А.Ә. Телефон E-Mail Мекенжай Орталық филиал АйтқожинаКлара Орынбайқызы +7 (7172) 70 33 33 ast_80@nationalbank.kz 010000, Астана қ.,  Бейбітшілік к-сі, 21 Ақмола филиалы БесембаевДархан Наурызбайұлы +7 (7162) 25 07 25 kokch_80@nationalbank.kz 020000, Көкшетау қ., Әуезов к-сі, 214 Алматы қалалықфилиалы БашановСерікбай    Құрманбайұлы +7 (7272) 44 36 78 Af_80@nationalbank.kz 050000, Алматы қ., Панфилов к-сі, 98 Алматы  об­лыс­тық филиалы ДиханшиновБағлан Мұраталдыұлы +7 (7282) 24 00 50 tald_80@nationalbank.kz 040008,  Талдықорған қ., М. Төлебаев к-сі, 58/64 Атырау филиа­лы Қабесов Асланбек Шеркешбайұлы +7 (7122) 32 23 10 Atyur_80@nationalbank.kz 060002, Атырау қ., Уәлиханов к-сі, 2а Ақтөбе филиалы Оспанов Нұрлан Тұрсынғалиұлы +7 (7132) 21 14 59 akt_80@nationalbank.kz 030006, Ақтөбе қ.,  Асау Барақ к-сі, 45 Шығыс Қа­зақстан филиалы СертаевМұрат Маратұлы +7 (7232) 25 49 13 vko_80@nationalbank.kz 070019, Өскемен қ., Қазақстан к-сі, 3 Жамбыл филиалы ӘзімхановЕрлан Жандосұлы +7 (7262) 45 85 82 zhumb_80@nationalbank.kz 080000, Тараз қ.,  Қазыбек би к-сі, 137 Батыс Қа­зақ­­стан филиалы Хайрлиева  Валентина Сергеевна +7 (7112) 50 93 28 ura_80@nationalbank.kz 090000, Орал қ.  Досмұхамедов к-сі, 16 Қызылорда филиалы Әбенова Забира Абділлатипқызы +7 (7242) 27 60 28 kyz_80@ nationalbank.kz 120019, Қызылорда қ., Жақаев к-сі, 20 Қостанай филиа­лы ҚуанышбаевӘсет Ахмеджанұлы +7 (7142) 53 27 89 kost_80@nationalbank.kz 110000, Қостанай қ., Баймағамбетов к-сі, 195 Қарағанды филиа­лы ХудяковаАнна Васильевна +7 (7212) 41 93 71 kar_80@nationalbank.kz 100000, Қарағанды қ, Бұқар жырау к-сі, 19 Маңғыстау филиалы Сүгіров Нұрлан Алтынмергенұлы +7 (7292) 43 54 59 Mang_80@nationalbank.kz 130000, Ақтау қ., 23-шағын ауданы Павлодар филиалы Жүсіпова  Светлана Мұратбекқызы +7 (7182) 32 39 10 Pavl_80@nationalbank.kz 140000, Павлодар қ., академик Сәтбаев к-сі, 44 Солтүстік Қа­зақстан филиалы Дәуренбекова Алма Манайдарқызы +7 (7152) 46 06 09 petro_80@nationalbank.kz 150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 6 Оңтүстік Қазақ­стан филиалы ОспановаМариаш Баянқызы +7 (7252) 21 26 37 chimk_80@nationalbank.kz 160012, Шымкент қ., Төреқұлов к-сі, 2 Қоғамдық қабылдау бөлмесіне және аумақтық филиалдарға хабарласу үшін алдын ала жазылу талап етілмейді. Анықтама алу үшін телефон: +7 (727) 2 619-213.