• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
25 Маусым, 2015

Елизавета II-нің Германия президентінің сыйлығына көңілі толмады

272 рет
көрсетілді

АСТАНА. 25 маусым. Ұлыбритания патшайымы Елизавета II-нің Германия президенті Йоахим Гаук тарту еткен сыйлыққа көңілі толмаған секілді. Неміс басшысы патшайымға картина сыйға берген еді. Картинада патшайымның кішкентай кезіндегі көк түсті понидің үстінде отырған суреті салынған. Бұл туралы vesti.ru хабарлады. Gawker сайты: «Патшайымның жүзінен мұндай жиіркенішті біз соңғы рет Кейт Мидлтон шай ішуге түсі сәйкес келмейтін шұлық киіп келгенде көрген едік», – деп жазады. Айта кетейік, патшайым Елизавета II Германияға үш күндік сапармен келген еді. Бұл – Ұлыбритания патшайымының Германия Федеративтік Республикасына бесінші ресми сапары. Бұл сапар алдағы референдуммен тікелей байланысты болуы мүмкін. Себебі, аталған референдум кезінде британдықтар елдің Еуропалық Одақ құрамында қалу-қалмауына қатысты шешім шығарулары керек. Ресми сапар барысында екі ел басшылары бір-бірлеріне сый тарту еткен болатын. Британ патшайымына неміс суретшісі Николь Лейденфросттың картинасы бұйырған. Суретке қараған Елизавета II: «Жылқының түсі қызық екен», – деп атап өтіп, понидің жүгенін ұстап тұрған ер адамды меңзеп көрсеткен патшайым: «Мынау менің әкем болар?», – деп сұраған. Сапар барысында түсірілген суретке қарағанда, Германия канцлері Ангела Меркельмен өткен кездесу Британ патшайымына көбірек жағымды көңіл-күй сыйлаған сыңайлы. Еламан Қоңыр. Дерек: vesti.ru. Сурет: Global Look Press.