• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
13 Тамыз, 2015

Азаматтардың конституциялық құқықтары

1640 рет
көрсетілді

Бұл прокуратура қызметінің басым бағыты Ағымдағы жылы еліміздің қоғамдық-саяси өмірінде маңызды орын алатын оқиға – Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы. Бұл  – мемлекетіміздің Ата Заңы республикамыздың бүкіл аумағында тікелей әрекет ететін ең жоғары заңды күшке ие негізгі саяси-құқықтық құжат болып табылады. 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Конституция Қазақстан халқының еркіндігін паш етеді, елді демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыруға ұмтылысын көрсетеді. Онда  мемлекеттің ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп жазылған, мемлекеттіліктің, қоғамдық және экономикалық құрылыстың негіздері бекітілген. Құқықтық жүйенің іргетасы ретінде, Конс­титуция Қазақстан Рес­пуб­ли­ка­сының тұрақты экономикалық дамуы үшін мықты негіз қалады, оның егемендігі мен халықаралық алаңдағы беделін нығайтып, аза­маттардың құқықтары мен бостандықтарының сенімді қорғалуына кепілдік берді. Ата Заңымыз қоғамдық қатынастарға тікелей әсер етіп, ұлттық заңнаманы дамытудың қайнар көзіне айналды және мемлекетке, қоғамға, сондай-ақ әрбір азаматқа қызмет етуді жалғастыруда. Ең басты заңның қағидаты мен нормаларын шынайы өмірде іске асырудың маңызды шарты – оларды сақтауды қамтамасыз ету және қорғай алу. Прокуратура осы жүйеде ойып орын алатын маңызды буын болып табылады, ол Конституцияның 83-бабына сәйкес мемлекет атынан заңдардың, Президент жарлықтарының және өзге де нормативтік-құқықтық актілердің дәлме-дәл әрі біркелкі қолданылуын, жедел-іздестіру қызметінің, анық­тау мен тергеудің, әкімшілік және орын­даушылық іс жүргізудің заңдылығын жоғары қадағалауды жүзеге асырады, заңдылықтың кез келген бұзылуын анықтау мен жою жөнінде шаралар қолданады, сондай-ақ Конституция мен заңдарына қайшы келетін заңдар мен басқа да құқықтық актілерге наразылық білдіреді. Басқа мемлекеттік ор­ган­дарға қара­­­­­ғанда прокуратураның қыз­меті көп қыр­­лы және құқық­тық қаты­нас­­тар­­­дың бар­лық маңызды сала­ларын қам­тиды. Тұлға­лардың конс­ти­­ту- ция­лық құқықтары мен бостан­дық­­­­та­рының сақталуын қадағалау әр­қа­шан­да проку­ратура қызметіндегі ба­сым бағыт­тардың бірі болып қала береді. Бұл Конституцияның, азаматтардың құқық­тары мен бостандықтарының, сондай-ақ «Прокуратура туралы» Заңның және Бас Прокурордың нормативтік-құқықтық актілерінің мызғымастығының кепілі ретінде Мемлекет басшысының құ­қық­тық мәртебесінен туындайды. Бұл орайда прокуратура аталмыш бағыт­та құқықтық функцияны тұрақ­ты әрі мақсатты түрде іске асырады. Мә­селен, үстіміздегі жыл­дың бірінші жар­ты­жылдығында Астана қала­сы проку­ратурасының органдары әлеуметтік-экономикалық салада 16773 азаматтың конституциялық құқықтарын қорғады, оның басым бөлігін еңбек құқық­тары құрайды (7 830). Елорда проку­рату­­ра­сы­­­ның ең­бек инспекциясына қатысты енгізген ұсы­ны­сы бойынша, «Астана ЭКСПО-2017» объектілерін салу кезінде еңбектің қауіпсіз жағ­дайларына «СемболУлуслаларасы» АҚФ-ның 4366 жұмысшысының құқықтары қорғалып, жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қадағалау актісі бойынша жұмысшылар қорғаныс құралдарымен, арнайы киіммен қамтамасыз етілді, ал объектіде болу жағдайлары еңбек заңна­масының талаптарына сәйкестендірілді. Тағы бір айқын мысал, «Астана қаласының энергетика басқармасы» ММ басшылығының заңсыз бекіткен Астана қаласының тұрғын үй қорын жылытуға жылу энергиясын шығындау нормаларын жою туралы шара қолданылды. Соған байланысты, 2015 жылдың қаңтар айында 3773 тұрмыстық тұтынушыға 17 млн. 370 мың теңге көлемінде сома қайта есептеліп қай­тарылды, ол ағымдағы жылдың ақ­пан айындағы шот-хабарламаларда көрсетілді. Конституциялық құқықты қозғайтын заң бұзушылықтар прокуратура қызметінің өзге де бағыттарында анықталуда, олар бойынша ықпал ету шаралары қолданылып, кінәлі тұлғалар заңмен белгіленген жауапкершілікке тартылуда. Атқарушылық іс жүргізу заңдылығын прокурорлық қадағалау шеңберінде жалақы бойынша 36 млн. теңге болатын берешек өтелді. Прокурордың наразылықтары бойынша азаматтардың тұрғын үй, еңбек және басқа да конституциялық құқықтарын бұзатын 12 сот актісі күшін жойды. Полиция органдарында құқық бұ­зу­ды болдырмау және алдын алу мақ­­сатында прокуратура қызмет­кер­ле­рі қаланың аудандық ішкі іс­тер бас­қар­ма­ла­рын­да ұдайы кезек­шілік ете­ді. Енді әрбір азамат «кезек­ші про­ку­рор­ға» қоңырау шалып, конс­титу­ция­лық құ­қықтар мен бостандықтарды бұзу­дың кез келген фактісі туралы хабар­лай алады. Саралай келгенде ел­ор­да проку­ратурасының органдары конс­титу­циялық нормаларды іске асыруда аз жұ­мыс жасаған жоқ, алайда тындырар іс әлі де көп. Сабыржан БЕКБОСЫНОВ, Астана қаласының прокуроры.
Соңғы жаңалықтар