Австралияның бір балықшысы теңізден ұзындығы 4 метр болатын акуланы ұстап алып, қолымен жағаға сүйреп шығарды. Бұл туралы russian.rt.com хабарлады.
«Бұрынғыдан келе жатқан тәсілмен балық аулаушы австралиялық жігіт Албани жағасынан 4 метрлік жолбарыс акуласын ұстап алды. Ол бұл үшін басына жем салынған, жуан жібі бар қармақты теңізге тастап, күтіп отырды. Ал оған акула түскен кезде теңіз жыртқышы мен адамның айқасы 2 сағаттан астам уақытқа созылды», - делінген мақалада.
Оқиға 25 наурыз күні болған.
https://youtu.be/FSjEEDNwfw0